Миха
7 Қасіретке қалдым-ау!
Мен жазғы жеміс жиналғаннан кейін,
Жүзім масағы терілгеннен кейін,
Жеміс іздеген кісідеймін.
Жейтін бірде-бір жүзім шоғы қалмаған,
Көңілім қалаған ерте піскен інжір де жоқ.
2 Жер бетінен бірде-бір адал жан таппайсың,
Жұрт арасында шыншыл ешкім жоқ+.
Барлығы қан төкпекке біреуді аңдып жатады+.
Әрқайсысы өз бауырын ұстамақ болып ау тастайды.
3 Олардың қолы жамандық істеуге епті+,
Әмірші сый-тарту талап етеді,
Төреші пара сұрайды+,
Беделді адам өз құлқынын ашық танытады+,
Олар бір-бірімен ауыз жаласады.
4 Бетке ұстар кісілері тікен іспетті,
Ең шыншылдарының өзі тікенді шеңгелден де жаман.
Сонда олар әбден абыржып, сасады+.
5 Жолдасыңа сенім артпа,
Жақын досыңа да сенбе+.
Қойныңда жатқан жарыңа да сырыңды ашпа.
6 Себебі ұлы әкесін жек көреді,
Қызы шешесіне қарсы шығуда+,
Келіні енесіне қарсы келуде+,
Адамға өз үй ішіндегілер дұшпан болуда+.
Құдайым менің сөзіме құлақ түреді+.
8 Уа, дұшпаным, маған күлме.
Құласам да, қайта тұрамын.
Түнекте өмір сүрсем де, Ехоба маған нұр болады.
9 Маған араша түсіп, әділ үкім шығарғанынша,
Ехобаның қаһарына шыдаймын.
(Өйткені оған қарсы күнә жасадым+.)
Ол мені жарыққа алып шығады,
Мен оның әділдігін көремін.
10 Дұшпаным да мұны көреді,
“Ехоба Құдайың қайда?”+ деген ол ұятқа қалады.
Дұшпанымның күйрегенін өз көзіммен көремін.
Ол көшенің балшығындай тапталады.
11 Бұл тас қабырғаларыңды соғатын күн болады.
Сол күні шегараң кеңейтіледі*.
12 Сол күні саған адамдар жан-жақтан:
Ассириядан, Мысыр қалаларынан,
Мысыр мен Евфрат аралығынан,
Теңіз бен теңіздің, тау мен таудың аралығынан келеді+.
13 Тұрғындарының кесірінен,
Істерінің салдарынан жер қаңырап қалады.
14 Өз халқыңды, меншікті отарыңды, таяғыңмен бақ+.
Олар орманда, бақтың арасында, оңаша мекен еткен еді.
Енді олар бұрынғыдай Башан мен Ғалақатта жайылсын+.
15 “Мысыр елінен шыққан кезіңдегідей,
Саған ғаламат кереметтер көрсетемін+.
16 Басқа халықтар мұны көргенде,
Күш-қуатына қарамастан ұятқа қалады+.
Қолдарымен ауыздарын жабады,
Құлақтары керең болып қалады.
Олар Құдайымыз Ехобаға үрейлене келіп,
Одан қорқатын болады+”.
Сенің ашуың мәңгілік емес,
Өйткені айнымас сүйіспеншілік танытуды ұнатасың+.
Күнәміздің бәрін теңіздің түбіне лақтырасың+.
20 Ежелде ата-бабаларымызға уәде еткеніңдей+,
Жақыпқа адалдық,
Ыбырайымға айнымас сүйіспеншілік танытасың.