Мұсаның 1-жазбасы
8 Құдай Нұхқа және онымен бірге кемеде+ болған жабайы аңдар мен үй жануарларына назар аударып, жер бетіне жел тұрғызды. Сөйтіп, су тартыла бастады. 2 Аспандағы қалың судың қайнар көздері, көк қақпалары жабылып, жаңбыр басылды+. 3 Су біртіндеп қайта бастады, ал 150 күннен соң едәуір тартылды. 4 Жетінші айдың он жетінші күні кеме Арарат тауларының үстіне тоқтады. 5 Су оныншы айға дейін тартыла берді. Ал оныншы айдың бірінші күні тау төбелері көрінді+.
6 Нұх 40 күннен соң кеменің терезесін+ ашты да, 7 сыртқа бір құзғынды ұшырды. Ол жер бетіндегі су кепкенше, келіп-кетіп ұшып жүрді.
8 Кейін Нұх жер бетінен судың кеткен-кетпегенін білу үшін, сыртқа бір көгершінді ұшырды. 9 Алайда көгершін қонатын жер таппай, кемеге қайта оралды, өйткені жер бетін әлі де су басып жатқан еді+. Нұх қолын созып, көгершінді кемеге кіргізіп алды. 10 Ол тағы жеті күн күтіп, көгершінді қайтадан ұшырды. 11 Көгершін кешке қарай оған қайта оралғанда, тұмсығында зәйтүн ағашының жас жапырағы бар екен! Бұдан Нұх жер бетінен судың қайтқанын білді+. 12 Ол тағы да жеті күн күтті. Сосын көгершінді сыртқа ұшырды, бұл жолы көгершін қайтып оралмады.
13 Нұх 601 жаста болғанда+, бірінші айдың бірінші күні жер бетіндегі су тартылды. Нұх кеменің шатырын ашып, айналаның кебе бастағанын көрді. 14 Ал екінші айдың жиырма жетінші күні жер толығымен кепті.
15 Сонда Құдай Нұхқа былай деді: 16 “Әйелің, ұлдарың және келіндеріңмен бірге кемеден шық+. 17 Сонымен қатар барлық тіршілік иелерін+: қанаттыларды, жан-жануарлар мен бауырымен жорғалаушыларды — сыртқа алып шық. Олар өсіп-өніп көбейіп, жер бетін жайласын+”.
18 Содан Нұх ұлдарын+, әйелі мен келіндерін ертіп сыртқа шықты. 19 Жан-жануарлар, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен жер бетінде жорғалайтындардың бәрі топ-тобымен кемеден шықты+. 20 Нұх Ехобаға арнап құрбандық орнын тұрғызды да+, адал мал мен адал құстан алып+, құрбандыққа шалып, өртеп жіберді+. 21 Өртелген құрбандықтың жағымды иісі Ехобаға жетті. Сонда Ехоба іштей былай деді: “Мен ендігәрі адамға бола жер бетін ешқашан қарғысқа ұшыратпаймын+. Өйткені адамның жүрегі бала кезден-ақ жамандыққа бейім+. Енді ешқашан тіршілік атаулыны бұлай жоймаймын+. 22 Бұдан былай жер бетінде тұқым себу мен егін ору, суық пен ыстық, жаз бен қыс, күн мен түн үздіксіз бола бермек+”.