Мұсаның 3-жазбасы
20 Ехоба Мұсаға тағы былай деді: 2 “Исраилдіктерге мына сөзімді жеткіз: —Егер исраилдік не Исраилде тұратын жатжерлік біреу балаларының бірін Молекке бағыштаса*, ондай адам тірі қалмасын+. Сол жердің адамдары оны тас атқылап өлтірсін. 3 Өз баласын Молекке беріп, менің қасиетті орнымды арамдағаны және киелі есімімді қорлағаны үшін, ол адамға қарсы шығып, халқының арасынан көзін құртамын+. 4 Егер сол жердің адамдары оның өз баласын Молекке бергеніне көз жұмып, оны өлтірмесе+, 5 онда әлгі адам мен оның үй ішіне өзім қарсы шығамын+. Молекпен азғындық жасағаны үшін оны да, оған қосылғандарды да халқының арасынан көзін құртамын.
6 Егер әлдебіреу аруақ шақыратындар+ мен көріпкелдерге+ жүгініп, осылайша олармен азғындық жасаса, мен сол жанға қарсы шығып, халқының арасынан көзін құртамын+.
7 Өздеріңді басқа халықтардан бөлек ұстап, киелі болыңдар+, өйткені мен сендердің Құдайларың Ехобамын. 8 Менің нұсқауларымды ұстанып, оларды орындап жүріңдер+. Мен сендерді қасиетті ететін Ехобамын+.
9 Егер әлдекім әкесіне не анасына қарғыс айтса, ол тірі қалмасын+. Әке-шешесін қарғағандықтан, оның қаны өз мойнында.
10 Басқа біреудің әйелімен азғындық жасаған адам тірі қалмасын. Неке адалдығын бұзған еркек те, әйел де өлтірілсін+. 11 Егер біреу әкесінің әйелімен жақындасса, өз әкесінің абыройын төгеді+. Екеуі де тірі қалмасын. Олардың қаны өз мойнында. 12 Әлдебіреу келінімен жақындасса, екеуі де тірі қалмасын. Олар табиғатқа жат нәрсе істеді. Олардың қаны өз мойындарында+.
13 Егер ер адам әйелмен жақындасқандай еркекпен жақындасса, бұлары — барып тұрған жексұрындық+. Олар міндетті түрде өлтірілсін. Олардың қаны өз мойындарында.
14 Біреу әйел алып, онымен де, енесімен де жақындасса, бұл — сорақылық*+. Араларыңда сорақы істердің жасалуына жол берілмеу үшін, үшеуін де өлтіріп, жағып жіберу керек+.
15 Егер ер кісі жануармен жақындасса, ол тірі қалмасын. Жануарды да өлтірулерің керек+. 16 Әйел адам жақындасу үшін өзін жануарға ұсынса+, әйелді де, жануарды да өлтіріңдер. Екеуі де тірі қалмасын. Мұндай еркек пен әйелдің қаны өз мойнында.
17 Егер ер адам өз әпке-қарындасымен, әкесінің не шешесінің қызымен, жақындасып, бір-бірінің жалаңаш тәнін көрсе, бұл — масқаралық+. Халқының арасынан олардың көзі құртылсын. Ол әпке-қарындасының абыройын төкті, бұл күнәсі үшін жауапқа тартылуы тиіс.
18 Егер ер кісі етеккірі келіп жүрген әйелмен жақындасса, екеуінің де қанды қастерлемегені+. Халқының арасынан олардың көзі құртылсын.
19 Анаңның әпке-сіңлісімен не әкеңнің әпке-қарындасымен жақындасушы болма, өйткені қандас туысыңның абыройын төгесің+. Екеуің де күнәларың үшін жауапқа тартыласыңдар. 20 Әкесінің аға-інісінің әйелімен жақындасқан еркек аға-інісінің абыройын төгеді+. Екеуі күнәсі үшін жазалансын. Осылай бала сүймей өлсін. 21 Егер еркек бауырының* әйелін алса, бұл — сорақылық+. Ол бауырының абыройын төкті. Олар да бала сүймей өлсін.
22 Мен алып бара жатқан жер сендерді құсып тастамау үшін+, нұсқауларым мен шешімдерімді+ ұстанып, бәрін орындаңдар+. 23 Мен алдарыңнан қуып шығатын халықтардың әдет-ғұрыптарын ұстанбаңдар+. Себебі олар осының бәрін істегендіктен, олардан жеркенемін+. 24 Сондықтан да: “Сендер олардың жерін иемденесіңдер. Ағы мен балы ағыл-тегіл мол осы жерді сендерге беремін+. Мен сендерді басқа халықтардан бөліп алған Құдайларың Ехобамын+”,— дегенмін. 25 Адал малды арам малдан, адал құсты арам құстан ажырата біліңдер+. Сондай-ақ мен таза емес деп белгілеген жануар, құс не бауырымен жорғалайтын басқа да мақұлықтармен өздеріңді арамдамаңдар+. 26 Менің алдымда киелі болыңдар, өйткені мен, Ехоба, киелімін+. Өз халқым ету үшін сендерді басқа халықтардан бөліп алдым+.
27 Аруақ шақыратын не көріпкелдікпен айналысатын кез келген еркек не әйел тірі қалмасын+. Оларды таспен атқылап өлтіру керек. Олардың қаны өз мойындарында”.