Зәбүр
2 Неге халықтар толқып жатыр?
Неге жұрт күбірлесіп*, іске аспайтын жоспар құрып жатыр+?
3 Олар: “Бізге салған бұғауларын бұзып,
Арқандарын лақтырып тастайық!”— дейді.
4 Бұған көктегі тағында отырған Құдай күледі,
Иә, Ехоба оларды мазақ етеді.
5 Ол ашулана сөйлейді,
Қаһары лаулап зәрелерін ұшыра былай дейді:
Мен өз патшамды тағайындадым+!”
7 Сендерге Ехобаның жарлығын айтайын,
Ол маған былай деді: “Сен менің ұлымсың+,
Бүгін мен саған әке болдым+.
10 Ендеше, патшалар, ақылға келіңдер,
Жержүзіндегі билер, түзетуді қабылдаңдар.
11 Ехобадан қорқып, оған қызмет етіңдер,
Оны қастерлеңдер, қуаныңдар.
Себебі оның ашуы лезде лап ете қалады,
Ал Құдайды паналайтын әркім бақытты болады.