Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. “Құрта көрме” әуенімен айтуға арналған Дәуіттің жыры. Михтам*. Саул Дәуітті өлтірмек болып, үйін күзетуге адамдар жібергендегі оқиғаға қатысты жазылған+.
2 Зұлымдық жасайтындардан құтқаршы,
Қанішерлерден сақташы.
3 Олар менің жанымды аңдып жүр+;
Бүлік шығармасам да, күнә жасамасам да
Маған күштілер қарсы шықты+, уа, Ехоба.
4 Еш кінәм болмаса да, маған бас салуға даяр.
Мен шақырғанда, түрегеліп, назарыңды салшы.
5 Уа, Әскербасы Ехоба, сен Исраилдің Құдайысың+.
Оянып, ұлттардың бәріне көзіңді қадашы.
Зұлым опасыздардың ешқайсысына мейіріміңді түсірмеші+. (Села)
7 Ауыздарынан жамандық бұрқырайды,
Тілдері семсердей өткір+.
Олар: “Кім естір дейсің?!”— дейді+.
10 Айнымас сүйіспеншілік танытатын Құдайым қол ұшын береді+,
Құдайым мені жеңімпаз етіп, жауларымнан үстем етеді+.
11 Халқым осы ісіңді ұмытпау үшін, оларды бірден өлтірмеші,
Алдымен құдіретіңмен тентіретіп жіберші.
Уа, қалқанымыз Ехоба, олар омақаса құласыншы+.
12 Ауыздарымен күнә жасағандары үшін осылай етші.
Қарғыс айтқандары, жалған сөйлегендері үшін,
Өркөкіректіктері өздеріне тұзақ болсыншы+.
13 Сосын қаһарыңа мініп, көздерін құртшы+,
Қайта бас көтермейтіндей етіп, көздерін құртшы;
Олар Жақыпқа және жердің шетіне дейін Құдайдың билік жүргізетінін білсін+. (Села)
14 Күн сайын кешке қайтып келсін;
Ит сияқты үрсін, қаланы тіміскілесін+.
15 Тамақ іздеп тентіресін+.
Аш құрсақ боп жүрсін, бас тірейтін жер де таппасын.
16 Ал мен сенің күшіңді мадақтап, ән саламын+,
Таңертең айнымас сүйіспеншілігің жайлы қуана айтамын.