Ефестіктерге
2 Бұрын қателіктерің мен күнәларыңның кесірінен өлі болған сендерді Құдай тірілтті+. 2 Кезінде сендер осы заманның* өмір салтына сай өмір сүріп+, бізді ауа іспетті қоршап тұрған әрі тілазар адамдарға әсер етіп жатқан рухты+ билеп отырған әміршінің+ жетегінде жүрдіңдер. 3 Иә, сондай адамдардың арасында жүрген біз де бұрын тән құмарлықтарына+ беріліп, тәніміз бен ойымыздың еркін орындадық+ және басқалар сияқты, туылғаннан Құдайдың қаһарына ұшырайтындардың+ қатарынан болдық. 4 Алайда аса мейірімді Құдай+ бізге зор сүйіспеншілігін көрсетіп+, 5 күнәларымыздың кесірінен өлі болған біздерді тірілтіп+, Мәсіхпен біріктірді. (Сендер рақым көрсетілгеннің арқасында ғана құтқарылдыңдар.) 6 Ол Мәсіх Исамен бірліктегі бізді онымен бірге тірілтіп, көкте онымен бірге отырғызды+. 7 Осылайша аса жомарт Құдай келер замандарда* Мәсіх Исамен бірліктегі бізге теңдесі жоқ рақымын көрсетпек.
8 Сендер осы рақымның арқасында сенімдерің+ арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдың сыйы. 9 Сондықтан ешкім істерімнің арқасында+ құтқарылдым деп мақтана алмайды. 10 Біз Құдайдың жаратылысымыз+, әрі ол Мәсіх Исамен бірліктегі+ бізді өзі алдын ала белгілеп қойған игі істерді атқарсын деп жаратты.
11 Сондықтан естеріңде болсын, сендер басқа ұлттық болып туылдыңдар, адам қолымен сүндеттелгендер сендерді “сүндеттелмегендер” дейтін. 12 Ол кезде сендер Мәсіхті білмедіңдер, Исраил халқына жатпадыңдар, Құдайдың уәдесіне негізделген келісімдерден+ тыс болдыңдар және осы дүниеде еш үмітсіз, Құдайды білмей өмір кештіңдер+. 13 Қазір Мәсіхпен бірліктегі сендер бұрын Құдайдан алыс едіңдер, ал енді Мәсіхтің қаны арқылы оған жақындадыңдар. 14 Мәсіх — біздің татуластырушымыз+. Ол бөгет болып тұрған қабырғаны бұзып+, екі жақты біріктірді+. 15 Денесін құрбандыққа беру арқылы өштестікті, яки өсиеттер мен жарлықтардан тұратын Заңды жойды. Ондағы мақсаты — екі халықтан өзімен бірліктегі бір жаңа халық*+ жаратып, татулық орнату 16 және өз денесімен өштестікті жойғандықтан+, азап бағанасы*+ арқылы екі халықты бір дене ретінде Құдаймен толықтай татуластыру. 17 Сондықтан ол келіп, Құдайдан алыстағыларға да, жақындағыларға да татулық туралы ізгі хабарды жариялады. 18 Өйткені ол арқылы бізге, яғни екі халыққа, бір киелі рух арқылы Әкеге жақындауға жол ашылды.
19 Сондықтан бұдан былай сендер бөтен не жатжерлік емессіңдер+, қайта, қасиеттілермен отандассыңдар*+ және Құдай отбасының мүшесісіңдер+. 20 Сендер елшілер мен пайғамбарлардан+ салынған іргетасқа қаландыңдар, ал оның бұрыштық тасы*+ — Мәсіх Исаның өзі. 21 Онымен бірліктегі бүкіл ғимарат үйлесе қаланып+, Ехобаның* киелі ғибадатханасы+ болу үшін өсіп жатыр. 22 Осылай онымен бірліктегі сендерден Құдай өз рухы арқылы мекендейтін тұрақ соғылып жатыр+.