Мұсаның 2-жазбасы
17 Бүкіл Исраил қауымы Син шөлінен шығып+, Ехоба бұйырғандай+, көшіп-қона жүріп Репедимге+ келді де, сол жерге қос тікті. Бірақ онда ауызсу жоқ болатын.
2 Сонда халық Мұсаға: “Бізге ішетін су тауып бер”,— деп ұрысты+. Мұса оларға: “Маған неге ұрсасыңдар? Ехобаны сынауды қашан қоясыңдар+?”— деді. 3 Бірақ халық қатты шөлдегендіктен, Мұсаға наразылық білдіруін қоймай+: “Бізді Мысырдан не үшін алып шықтың? Бізді бала-шағамызбен, малымызбен қоса сусыратып өлтіру үшін бе?”— десті. 4 Соңында, Мұса Ехобаға дауыстап сиынып: “Мына халыққа не істеймін? Олар мені таспен атқылауға дайын тұр”,— деді.
5 Бұған Ехоба: “Исраил халқының ішінен бірнеше ақсақалды ертіп, қолыңа Ніл өзенін ұрған таяғыңды алып+, халықтың алдына шық та, ілгері жүр. 6 Мен Хорибтегі жартаста, сенің алдыңда тұрамын. Таяғыңмен жартасты ұр, сонда су шығып, халық одан ішетін болады+”,— деді. Мұса Исраил ақсақалдарының көзінше осылай істеді. 7 Исраилдіктер өзіне ұрысқандықтан, сондай-ақ “Ехоба біздің арамызда ма, жоқ па?” деп Ехобаны сынағандықтан+, Мұса бұл жерді Масса*+ және Мериба*+ деп атады.
8 Амалектіктер+ Репедимге келіп, исраилдіктермен соғысты+. 9 Мұса Ешуаға+: “Халықтың арасынан ер адамдарды таңдап алып, амалектіктермен соғыс. Ертең мен қолыма Құдай ал деп бұйырған таяқты ұстап, төбе басында тұрамын”,— деді. 10 Ешуа Мұсаның айтқанындай істеп+, амалектіктермен соғысты. Ал Мұса, Харон және Хұр+ төбе басына шығып тұрды.
11 Мұса қолын көтеріп тұрғанда, исраилдіктер жеңіп, ал түсіргенде, амалектіктер басым түсіп жатты. 12 Мұсаның қолдары талып кеткенде, тас әкелініп, ол соған отырды. Харон мен Хұр оның қолын екі жағынан сүйемелдеп, күн батқанша көтеріп тұрды. 13 Сөйтіп, Ешуа амалектіктер мен олардың одақтастарын семсердің жүзімен қырып салды+.
14 Ехоба Мұсаға былай деді: “Осы оқиға есте қалу үшін кітапқа жазып қой, ал Ешуаға “мен амалектіктерді жер бетінен біржола жоямын, олар ешқашан еске алынбайтын болады+” деген сөзімді жеткіз”. 15 Мұса құрбандық орнын тұрғызып, оны Ехоба-нисси* деп атады. 16 Себебі ол: “Амалектіктер Ехобаның*+ тағына қарсы шыққандықтан, Ехобаның олармен соғысы ұрпақтан ұрпаққа жалғаспақ+”,— деді.