Зәбүр
33 Әділдер, Ехобаның игі істері үшін шаттана дауыстаңдар+!
Оны әділ адамдардың мадақтағаны орынды.
2 Арфамен Ехобаға алғыс айтыңдар,
Он ішекті аспаппен оған мадақ әнін арнаңдар.
3 Оған жаңа ән айтыңдар+,
Аспапты мәнерлей шертіп, қуанышпен дауыстаңдар.
4 Өйткені Ехобаның сөзі — шындық+,
Барлық істеген істері сенім артуға тұрарлық.
8 Күллі жер Ехобадан қорықсын+,
Жердің тұрғындары оны қастерлесін.
11 Ехобаның шешімдері болса мәңгі тұрады+,
Жүрегіндегі ойлары ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
12 Ехоба қай халықтың Құдайы болса,
Кімді меншікті иелігі етіп таңдаса, сол халық бақытты+.
13 Ехоба көктен төмен қарайды да,
Күллі адамзатты көреді+.
14 Өзінің тұрағынан жердің күллі тұрғындарына көз жүгіртеді.
15 Ол адам атаулының жүрегін қалыптастырды;
Барлық істерін тексереді+.
20 Біз Ехобаны күтудеміз,
Ол біздің көмекшіміз әрі қалқанымыз+.
21 Оны ойлап жүрегіміз қуанышқа толады,
Себебі киелі есіміне арқа сүйейміз+.