Амос
Бейшараны алдап-сулайтын+, кедейді жәбірлейтін,
Күйеулеріне “Бізге ішетін бірдеңе әкеліңдер!” дейтін әйелдер!
2 Әлемнің Әміршісі Ехоба қасиеттілігімен ант берді.
Сендер қасапшының ілмегімен,
Ал қалғандарың қармақтың ілмегімен ілініп алынатын күндер келе жатыр.
3 Сонда әрқайсысың дәл алдыңдағы қабырға тесігінен тартып шығарылып,
Хармонға лақтырыласыңдар,— дейді Ехоба.
4 Мейлі, Бетелге барып, қылмыс жасай беріңдер+,
Ғылғалға барып, қылмыстарыңды одан бетер көбейтіңдер+!
5 Ашыған нанды ризашылық құрбандығы ретінде өртеп+,
Ерікті сый-тартуларың туралы дауыстап жариялай беріңдер!
Себебі сендер, уа, Исраил халқы, осылай еткенді жақсы көресіңдер,— дейді Әлемнің Әміршісі Ехоба.
Сендер сонда да маған қайтпадыңдар+,— дейді Ехоба.
7 Сондай-ақ егін орағынан үш ай бұрын, сендерге жаңбыр бермей қойдым+.
Бір қалаға жауын жауғызсам, басқасына жауғызбадым.
Бір егіс алқабына жауын жауса,
Басқа егіс алқабы жауынсыз құрғап жатты.
8 Екі-үш қаланың адамдары су ішуге бір қалаға тәлтіректеп барды+,
Бірақ олар қанып су іше алмады.
Сендер сонда да маған қайтпадыңдар+,— дейді Ехоба.
9 Өнімдеріңді аптап желмен күйдірдім, көгертіп-шіріттім+.
Бау-бақша мен жүзімдікті көбейтіп едіңдер,
Бірақ інжір мен зәйтүн ағаштарыңды шегіртке жалмап қойды+.
Сендер сонда да маған қайтпадыңдар+,— дейді Ехоба.
10 Араларыңа Мысырдағыдай індет жібердім+.
Жігіттеріңді семсермен өлтіріп+, жылқыларыңды тартып алдым+.
Қостарыңның сасық иісін мұрындарыңа әкелдім+.
Сендер сонда да маған қайтпадыңдар,— дейді Ехоба.
11 Мен Содом мен Ғомораны күйреткенімдей+,
Сендердің елдеріңді де күйреттім.
Сонда от ішінен суырып алған ағаштай болып қалдыңдар.
Сендер сонда да маған қайтпадыңдар+,— дейді Ехоба.
12 Сол себепті мен саған, уа, Исраил, осылай істеймін.
Иә, мен саған осылай істейтіндіктен,
Уа, Исраил, Құдайыңмен кездесуге дайын бол.
13 Өйткені ол тауларды қалыптастырып+, желді жаратты+.
Ол адам баласына өз ой-ниетін білдіреді,
Таңғы арайды қара түнекке айналдырады+,
Жердің биік төбелерін басып жүреді+.
Оның есімі — Әскербасы Ехоба Құдай”.