Амос
1 Текоядан+ шыққан қой бағушы Амостың* сөздері. Мұны ол Яһуда патшасы Ұзиях+ пен Исраил патшасы Жоғаш+ ұлы Еробоғамның+ күндерінде, жер сілкінісінен+ екі жыл бұрын, Исраил туралы аян көргенде алған болатын. 2 Ол былай деді:
“Ехоба* Сионнан арыстандай ақыратын болады,
Иерусалимнен оның даусы шығады.
Қойшылардың жайылымдары қайғырады,
Кармилдің төбесі де құрғап қалады+”.
3 “Ехоба мынаны айтады:
—Дамаскінің үш, тіпті төрт бүлігі* үшін үкімімді өзгертпеймін,
Өйткені олар Ғалақатты темір астық бастырғышпен бастырды+.
5 Дамаскінің+ қақпа ысырмаларын сындырамын,
Биқат-Әбеннің тұрғындарын жоямын,
Бет-Еденде билік етушінің көзін құртамын,
Сирияның халқы Кирге жер аударылады+,— дейді Ехоба.
6 Ехоба мынаны айтады:
—Газаның+ үш, тіпті төрт бүлігі үшін үкімімді өзгертпеймін,
Өйткені олар күллі халықты тұтқынға алып+,
Едомның қолына берді.
7 Сол себептен Газаның қабырғаларына от жіберемін+,
Ол бекініс мұнараларын жалмап қояды.
Қолымды Екронға қарсы көтеріп, жазалаймын+,
Філістірлердің аман қалғандары құриды+,— дейді Әлемнің Әміршісі Ехоба.
9 Ехоба мынаны айтады:
—Тирдің+ үш, тіпті төрт бүлігі үшін үкімімді өзгертпеймін,
Өйткені олар тұтқындардың бәрін Едомның қолына берді,
Олар бауырластық келісімді естеріне де алмады+.
10 Сол себептен Тирдің қабырғаларына от жіберемін,
Ол бекініс мұнараларын жалмап қояды+.
11 Ехоба мынаны айтады:
—Едомның+ үш, тіпті төрт бүлігі үшін үкімімді өзгертпеймін,
Өйткені ол семсер ұстап, өз бауырының соңынан қуды+,
Еш рақымшылық көрсетпеді,
Ашу үстінде оларды аяусыз паршалауда,
Оларға деген ашу-ызасы қайтар емес+.
13 Ехоба мынаны айтады:
—Аммондықтардың+ үш, тіпті төрт бүлігі үшін үкімімді өзгертпеймін,
Өйткені олар өз аймағын кеңейту үшін+ Ғалақаттағы жүкті әйелдердің ішін жарды.
14 Сол себептен Раббаның қабырғаларына от қоямын+,
Ол бекініс мұнараларын жалмап қояды,
Шайқас күні атой салған дауыстар естіледі,
Дауыл күні алай-түлей болады.
15 Олардың патшасы әміршілерімен бірге жер аударылып кетеді+,— дейді Ехоба.