Нақыл сөздер
3 Өз ақымақтығы адамның жолын бұзар,
Сосын жүрегінде Ехобаға ашуланар.
4 Байлық достарды көбейтер,
Кедей жалғыз досынан айырылар+.
6 Беделді* адамға жағынуға көп жұрт әуес,
Сый-тарту берушімен бәрі де дос.
7 Кедейді бар ағайыны жек көрер+,
Достары одан бетер безіп кетер+,
Сұрайын десе, ешкім жоқ жауап қатар.
9 Жалған куәгер жазасыз қалмайды,
Өтірік айтқыш құрып жоқ болады+.
10 Наданға шалқып өмір сүру жараспас,
Қызметшіге әміршілерді билеу одан бетер жараспас+.
12 Патшаның қаһары арыстанның айбарындай+,
Ал ықыласы шөпке түскен шықтай.
14 Үй мен байлық — әкеден қалатын мұра,
Ал ақылды әйел Ехобадан+.
15 Жалқаулық терең ұйқыға батырады,
Жайбасардың қарны аш жүреді+.
19 Қызба адам жазасын тартар,
Ал оны қорғаштасаң, мұны қайта-қайта істерсің+.
21 Адам жүрегінде көп жоспар құрар,
Бірақ Ехобаның ниеті орындалар+.
22 Адамның құндылығы — айнымас сүйіспеншілігі+.
Өтірікші болғаннан жарлы болған жақсы.
24 Жалқау қолын табаққа салар,
Бірақ аузына апаруға ерінер+.
26 Әкесін жәбірлеп, анасын қуған ұл —
Ұяты жоқ, арсыз ұл+.
27 Балам, тәлім-тәрбиені тыңдауды доғарсаң,
Білім жолынан таярсың.