Еремия
9 Басым суға толы құдық,
Көзім жас сорғалайтын бұлақ болса ғой+!
Сонда халқымның қаза тапқандарын,
Күні-түні жоқтап жылар едім.
2 Шөл далада жолаушы тоқтайтын орын болса ғой!
Сонда халқымды тастап, кетіп қалар едім.
Өйткені барлығы азғындыққа салынған+,
Олар — опасыз адамдардың тобыры.
3 Тілдерін садақ іспетті кереді.
Елде адалдықтың орнына арамзалық жайлаған+.
“Олардың зұлымдығы зұлымдыққа ұласады,
Маған еш назар салмайды+”,— дейді Ехоба.
4 “Әрбірің дос-жараныңнан сақтан,
Тіпті өз бауырыңа сенім артпа.
5 Бәрі де бір-бірін алдап соғады,
Шындықты айтатын ешкім жоқ.
Олар тілдерін өтірік айтуға үйреткен+.
Жамандық жасаумен-ақ өздерін қажытқан.
6 Сен өтірікшілердің арасында тұрып жатырсың.
Өтіріктеріне бола олар мені білгісі келмейді”,— дейді Ехоба.
7 Сондықтан Әскербасы Ехоба мынаны айтады:
“Оларды тазарту үшін балқытып, сынаймын+,
Халқымның қызына қолданар басқа қандай амалым бар?
8 Өтірік айтатын тілдері ажал жебесіндей.
Адам өзгемен жылы-жұмсақ сөйлеседі,
Бірақ іштей тұзақ құруды ойлап тұрады”.
9 “Оларды осы істері үшін жауапқа тартуым керек емес пе?— дейді Ехоба,
—Мұндай халықтан кек алуым керек емес пе+?
10 Мен таулар үшін жылап, зарлайтын боламын,
Елсіз даладағы жайылымдар үшін жоқтау айтамын,
Өйткені олар отқа оранып, адам аяғы баспайтындай күйге жетті,
Отар-табындардың даусы естілмейді.
Аспандағы құстар мен даладағы аңдар қашып, бірде-бірі қалмаған+.
11 Мен Иерусалимді тас үйіндіге+, шибөрілердің мекеніне айналдырамын+.
Яһуданың қалаларын қаңыратып, ешкім тұрмайтын етемін+.
12 Осылардың бәрін түсіне алатындай дана кім бар?
Мұны жариялай алуы үшін, Ехоба сөзін кімге айтқан?
Жер неге құрып кетті?
Ешкім жүрмейтіндей болып,
Неге шөл даладай күйіп кетті?”
13 Ехоба былай деп жауап қатты: “Өйткені олар берген заңдарымнан бас тартып, оны ұстанған жоқ, айтқаныма мойынсұнбады. 14 Қайта, қасарысып жүрек қалауларымен жүрді+, ата-бабалары үйреткендей, Бағал мүсіндеріне табынып кетті+. 15 Сондықтан да Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: —Бұл халыққа ащы жусан жегізіп, улы су ішкіземін+. 16 Мен оларды өздері де, ата-бабалары да білмеген халықтардың арасына бытыратып жіберемін+. Көздері құрымайынша, соңдарынан семсер жіберемін+.
17 Әскербасы Ехоба былай дейді:
—Түсінікпен әрекет етіңдер,
Жоқтау айтатын әйелдерді алдыртыңдар+,
Олардың ең шеберлерін шақыртыңдар,
18 Олар тезірек келіп, біз үшін зарласын,
Көзімізден жас ағызып,
Кірпігімізден су сорғалатсын+.
19 Сионнан зар илегендердің+:
“Біз құрыдық қой!
Әбден масқара болдық-ау!
Үйлеріміз қиратылып, елімізді тастап кеттік”,— деген даусы шығады+.
20 Уа, әйелдер, Ехобаның сөзін тыңдаңдар.
Аузынан шыққан сөзіне құлақ түріңдер.
Қыздарыңа осы зарлы өлеңді жаттатыңдар,
Бұл жоқтауды бір-біріңе үйретіңдер+.
21 Өйткені терезелерімізден ішке ажал енді,
Бекініс мұнараларымызға кіріп кетті.
Ол балаларды көшелерден,
Жастарды көпшілік алаңдардан әкетпек+.
22 Оларға тағы Ехоба мынаны айтады де:
—Адамдардың мәйіті далада қи сияқты,
Орақшының орып кеткен егін сабақтары іспетті жатады,
Оларды жинайтын ешкім болмайды+”.
24 —Мақтанатын адам
Мен жайлы көп нәрсені түсінетінін және білетінін+,
Менің Ехоба екенімді, жер бетінде айнымас сүйіспеншілік,
Әділет пен әділдік танытатынымды айтып мақтансын+,
Өйткені осылар менің көңіліме жағады+”,— дейді Ехоба.
25 “Міне, тек тәні ғана сүндеттелген әркімді жауапқа тартатын күндер келе жатыр+,— дейді Ехоба,— 26 Мысырды+, Яһуданы+, Едом+ мен аммондықтарды+, Моабты+ және шөл даланы мекен етіп, самай шаштарын қыратындардың бәрін жауапқа тартамын+. Себебі бұл халықтар шын сүндеттелмеген, сондай-ақ күллі Исраил үйі де жүректерін сүндеттемеген+”.