Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.
4 Шақырғанымда, уа, әділ Құдайым+, жауап бере көр!
Пәледен құтылар жолымды көрсете көр!
Шапағатыңды түсіріп, дұғама құлақ сала көр!
2 Ей, адамдар, қашанғы даңқымды масқара ете бересіңдер?
Қашанғы түкке тұрғысыз нәрсені құмартып, өтірік айтуды көксейсіңдер? (Села)
3 Біліп қойыңдар, Ехоба өзіне адал адамға ерекше көңіл бөледі,
Ехобаға үн қатқанымда, ол құлақ түреді.
4 Ашуланғанда, күнә жасамаңдар+.
Төсекте жатқанда, ойланып-толғаныңдар да, үндемеңдер. (Села)
6 Жұрт: “Бізге жақсылық көрсетер кім бар?”— дейді.
Жүзіңнің нұрын төге көр, уа, Ехоба+!
7 Жұрт мол астығы мен жаңа шарабына қуанады,
Ал сен менің жүрегімді одан да зор қуанышқа толтырдың.
8 Тыныш жатып, тыныш ұйықтаймын+:
Өзің ғана, уа, Ехоба, маған қауіпсіз өмір сыйлайсың+!