Зәбүр
Дәуіттің жыры.
29 Ей, мықтылардың ұлдары, Ехобаға тиістісін беріңдер,
Салтанаты мен құдіреті үшін, Ехобаға тиістісін беріңдер+!
2 Ехобаны есіміне лайық дәріптеңдер!
Киелі сән-салтанатпен* Ехобаға бас иіңдер!
3 Ехобаның даусы сулар үстінен естіледі,
Даңқты Құдай күн күркіретеді+.
Ехоба мол сулардың үстінде тұрады+.
4 Ехобаның даусы айрықша зор+,
Ехобаның даусы керемет айбынды.
7 Ехобаның даусы от шашып жарқылдайды+.
9 Ехобаның даусы маралды діріл қақтырады, төлдетеді,
Орманды тып-типыл етіп жалаңаштайды+.
Оның ғибадатханасындағылардың бәрі “Ұлылық!” деп дауыстайды.