Еремия
6 Пана іздеңдер, уа, Бениямин ұрпағы,
Иерусалимнен қашыңдар!
Текояда+ мүйіз керней тартыңдар+.
Бет-Кәремнің үстінен от жағып белгі беріңдер!
Өйткені солтүстіктен апат, жойқын алапат төніп тұр+.
2 Сион қызы сұлу нәзік әйелге ұқсайды+.
Әрқайсысы өз отарын сол жерге жаяды+.
4 “Онымен соғысуға өздеріңді дайындаңдар*!
Тұрыңдар, тал түсте оған шабуыл жасайық!”
“Қасіретке қалдық, күн батуға айналды,
Кеш түсіп, көлеңкелер ұзарып барады!”
5 “Тұрыңдар, түн ішінде шабуыл жасап,
Оның бекініс мұнараларын қиратайық+”.
6 Әскербасы Ехоба былай дейді:
“Ағаштарды шауып, Иерусалимді қоршауға алатын үйінді жасаңдар+.
Бұл қала жауапқа тартылуға тиіс,
Оның іші қанаушылыққа толы+.
7 Су қоймасы салқын судың көзі болғанындай,
Бұл қала да зұлымдықтың көзіне айналды.
Онда зорлық-зомбылық пен қирағанның шуы естіледі+,
Ауру-сырқау мен індет әрдайым көз алдымда.
8 Ескертуге құлақ ас, уа, Иерусалим, әйтпесе сенен жиіркеніп, бас тартамын+.
Сені қаңыратып, ешкім тұрмайтын жерге айналдырамын+”.
9 Әскербасы Ехоба былай дейді:
“Олар жүзімдіктен масақ тергендей, Исраилдің қалдығын да түгел теріп алады.
Бұтада қалған жүзімді жинау үшін, қолыңды қайта соз”.
10 “Кімге айтып, кімді ескертейін?
Кім маған құлақ асады?
Олар Ехобаның сөзін мазақ етеді+.
Оны жандары жаратпайды.
11 Сондықтан бойымды Ехобаның қаһары кернейді,
Оны тежеп тұра алар емеспін+”.
“Оны көшедегі балаларға төк+,
Жиналған жас жігіттерге төк.
Олардың бәрі — күйеуі мен әйелі де,
Егде кісі мен үлкен қария да тұтқынға алынады+.
12 Ал үйлері, танаптары мен әйелдері басқаларға қалады+.
Өйткені бұл елдің тұрғындарын қолымды созып жазалаймын”,— дейді Ехоба.
13 “Үлкенінен кішісіне дейін — бәрі арам пайда көздейді+.
Пайғамбарынан діни қызметкерлеріне дейін — түгел арамзалық жасайды+.
14 Олар халқымның жарақатын жеңіл-желпі емдемек болып:
—Тыныштық! Бейбітшілік!— дейді,
Бірақ ешқандай тыныштық жоқ+.
15 Олар жеркенішті істеріне ұяла ма?
Жоқ, еш ұялмайды!
Тіпті ұялудың не екенін білмейді+!
Сондықтан олар құлағандармен бірге құлайды.
Жазаға тартқанымда, олар сүрінеді”,— дейді Ехоба.
16 Ехоба былай дейді:
“Жол тораптарында тұрып, қараңдар.
Ежелгі жолдар жайлы сұрастырыңдар,
Ізгі жолды сұрап біліп, сонымен жүріңдер+.
Сонда жандарың жай табады”.
Бірақ олар: “Онымен жүрмейміз”,— дейді+.
17 “Мен күзетшілер тағайындадым+, олар:
—Мүйіз кернейдің даусына құлақ салыңдар!— деп жар салды+”.
Бірақ олар: “Құлақ салмаймыз”,— деді+.
18 “Сондықтан, уа, халықтар, тыңдаңдар!
Уа, жамағат, біліп алыңдар
Олармен не болатынын.
19 Тыңдаңдар, уа, жер бетіндегі халықтар!
Ойластырған қулық-сұмдықтарының сазайы ретінде
Мына халықтың басына апат төндіремін+.
Олар сөздеріме ден қоймады,
Менің заңдарымнан бас тартты”.
20 “Шебадан хош иісті ладан,
Алыс елден хош иісті қамыс әкелгендеріңді қайтейін?
Түгел өртелетін құрбандықтарыңды қабыл алмаймын,
Әкелген құрбандықтарыңа разы болмаймын+”.
21 Сондықтан Ехоба былай дейді:
“Мен мына халықтың жолына сүрінетін тастар қоямын,
Сол кедергілерге әкелері мен ұлдары,
Көрші-қолаң мен дос-жарандары сүрініп,
Бәрі де мерт болады+”.
22 Ехоба былай дейді:
“Міне, солтүстіктегі елден бір халық келе жатыр,
Жердің қиыр шеттерінен бір ұлы халық көтеріледі+.
23 Олар қолдарына садақ пен сүңгі ұстап алады,
Олар қатыгез әрі аяушылықты білмейді.
Дауыстары долы теңіздей гүрілдейді,
Олар атқа мініп келеді+.
О, Сион қызы, олар саған қарсы әскери саппен аттанады”.
24 Құлағымызға олар жайлы хабар жетті.
25 Ашық далаға шықпаңдар,
Жол бойында жүрмеңдер,
Өйткені жау семсермен жүр,
Айнала жайлаған қорқыныш.
26 Уа, халқымның қызы,
Азалы киім киіп+, күлге ауна.
27 “Мен сені* кен тазартушы іспетті етіп қойдым,
Халқымды менің жақсылап сынап, тазарт.
Олардың жолына көңіл бұрып, тексер.
Олар мыс пен темірге ұқсайды,
Шетінен бәрі бұзылған.
29 Көріктер күйіп кетті.
Оттан тек қорғасын шығады,
Кен тазартушы босқа әуре болуда+,
Жаман қоспалары бөлініп шығып жатқан жоқ+.
30 Жұрт оларды жарамсыз күміс дейтін болады,
Өйткені Ехоба жарамсыз деп олардан бас тартқан+”.