Ошия
2 Аналарыңа айып тағыңдар, оны жазғырыңдар.
Өйткені ол менің әйелім емес+, мен оның күйеуі емеспін.
Ол азғындық жасауын қойсын,
Жалаңаш көкірегінен азғындықты аластатсын.
3 Әйтпесе оны анадан жаңа туғандай етіп жалаңаштаймын,
Оны шөл даладай етіп,
Қуаң тартқан жердей қылып,
Әбден сусатып өлтіремін.
4 Оның балаларына рақым көрсетпеймін,
Себебі олар азғындықтан туылған.
5 Аналары азғындық жасады+.
Оларды құрсағында көтерген әйел арсыздыққа барып+:
—Ашыналарымның қыр соңынан қалмаймын+,
Маған нан мен су ұсынатын,
Жүн мен зығыр, май мен сусын беретін солар ғой,— деді.
6 Сондықтан мен оның жолын тікендермен бөгеймін.
Алдына тас дуал соғып, тосқауыл жасаймын.
Сондықтан ол жүретін жолын таба алмайды.
7 Ашыналарының соңынан қуады, бірақ жетпейді+.
Оларды шарқ ұрып іздейді, бірақ таппайды.
Сонда: —Алғашқы күйеуіме қайта оралайын+,
Сол кездегі жағдайым қазіргіден жақсы еді ғой+,— дейтін болады.
Мен сыйлағанымды ол мойындамады+.
9 Сондықтан мен керісінше істеп, мезгілінде оған астығымды,
Маусымында жаңа шарабымды бермеймін+,
Жалаңаш тәнін жауып жүрген жүн мен зығырымды одан тартып аламын.
10 Ашыналарының көзінше оның ұятты жерлерін ашамын,
Ешбір адам менің қолымнан оны құтқара алмайды+.
11 Оны бар қуанышынан айырып,
Мейрамдарын+, Жаңа туған ай* мен Демалыс күнін*,
Салтанатты жиындарының бәрін тоқтатамын.
12 “Бұлар — ашыналарым берген сыйақы” деп жүрген оның
Жүзімдері мен інжір ағаштарын қиратып,
Қалың орманға айналдырамын.
Жабайы аңдар оларды жалмап қояды.
13 Мен оны Бағал мүсіндеріне құрбандық ұсынған+,
Сырғалары мен әшекейлерін тағып, ашыналарының соңынан қалмаған күндері үшін жауапқа тартамын.
Ол мені ұмытты+,— дейді Ехоба.
Сол жерде ол жас күніндегідей,
Мысырдан шығып келген кезіндегідей маған жауап береді+.
16 Сол күні сен мені “Күйеуім” дейсің,
Енді қайтып “Қожайыным*” деп атамайсың,— дейді Ехоба,
17 Бағал мүсіндерінің аттарын ауызға алғызбаймын+,
Олардың аттары бұдан былай еске алынбайды+.
18 Сол күні халқымның игілігі үшін даладағы аңдармен,
Аспандағы құстармен, жерде жорғалаған мақұлықтармен+ келісім жасасамын+.
19 Мен сені өзіме мәңгілікке атастырамын.
Әділдік пен әділеттілік танытып,
Айнымас сүйіспеншілік пен рақымдылық көрсетіп атастырамын+.
20 Саған адалдық танытып атастырамын.
Сонда мені, Ехобаны, білетін боласың+.
21 Сол күні сұрағанын беремін,— дейді Ехоба,
Мен аспанға сұрағанын беремін,
Ал аспан жерге сұрағанын береді+.
Олар маған “Сен біздің Құдайымызсың!” дейтін болады+”.