Ошия
12 “Ефрем желді азық етуде.
Күні бойы шығыстан соғатын желді қууда.
Өтірік пен зорлық-зомбылықты көбейтуде.
2 Ехоба Яһуданың ісін қарастырады+.
Жүрген жолдарына қарай Жақыпты жауапқа тартып,
Істеген істерінің есесін қайтарады+.
4 Ол періштемен ұзақ алысып, басым түсті.
Одан бата сұрап, жалбарына жылады+”.
Құдай оны Бетелде тауып алып, сол жерде біз жайлы* сөйлесті+,
5 Ехоба — Әскербасы Құдай+,
Ол Ехоба деген есіммен есте сақталады+.
6 “Олай болса, Құдайыңа қайт+,
Айнымас сүйіспеншілік пен әділдіктен ауытқыма+,
Әрдайым Құдайыңа үміт арт.
7 Ал саудагеріңнің қолында жалған таразы,
Ол алдап-сулауды ұнатады+.
Бар бейнетімнен бұрыс нәрсе не күнә табылмас,— деп жүр.
9 Бірақ мен сенің Мысырдан шығарған кезден бергі Ехоба Құдайыңмын+.
Уақыты белгіленген күндердегідей*,
Сені қайтадан шатырларда тұрғызамын.
10 Мен пайғамбарларға сөзімді арнап+,
Оларға көптеп аян бердім,
Пайғамбарлар арқылы астарлы әңгімелер айттым.
11 Ғалақатта қулық-сұмдық* пен жалғандық орын алуда+.
Ғылғалда халық бұқаларды құрбандыққа ұсынуда+,
Құрбандық орындары айдалған танаптағы тас үйінділерге ұқсайды+.
12 Жақып Арам* өлкесіне қашып барды+,
Исраил+ сол жерде әйел үшін қызмет етіп+,
Әйел үшін қой күзетті+.
14 Бірақ Ефрем Құдайды қатты қорлады+,
Оның төккен қаны өз мойнында қала береді.
Қорлағаны үшін Иесі оған қарымтасын қайтарады+”.