Ошия
10 “Исраил жабайыланып* бара жатқан жүзім іспетті+.
Жемісі көбейген сайын, құрбандық орындарын көбейтуде+.
Жерінің өнімі жақсарған сайын, қасиетті бағаналарын әдемілеуде+.
2 Олардың жүректеріне екіжүзділік* ұялаған.
Енді олар айыпты деп табылады.
Құрбандық орындарын талқандап, бағаналарын қирататын біреу бар.
3 Енді олар: “Ехобадан қорықпағандықтан, бізде патша жоқ+,
Болған күнде де, ол біз үшін не істей алар еді?”— дейтін болады.
4 Олар бос сөз айтуда, жалған анттар беруде+, келісімдер жасасуда.
Сондықтан да сот істері жыртылған жерге қаулап өскен улы шөп іспетті+.
5 Самария тұрғындары Бет-Әбеннің бұзау мүсінін+ уайымдап қорқады,
Халқы оны жоқтап қайғырады,
Оған және оның салтанатына қуанған бөтен тәңірдің діни қызметкерлері де еңіреп жылайды.
Өйткені сол мүсін жер аударып әкетіледі.
6 Ол ұлы патшаға сый ретінде Ассирияға апарылады+.
Ефрем ұятқа қалатын болады,
Исраил құлақ асқан ақыл-кеңесі үшін масқара болады+.
8 Бет-Әбеннің+ төбелері, Исраилдің күнәсі+, жойылады+.
Ондағы құрбандық орындарын тікен мен түйетікен басады+.
Сонда халық тауларға: “Бізді жауып қалыңдар!”
Ал төбелерге: “Үстімізге құлаңдар!”— дейтін болады+.
Гибеядағы соғыста әділетсіз ұлдар түгел жойылмаған еді.
10 Қалаған кезімде мен оларды жазалаймын.
Олар өздерінің екі қылмысына жегілгенде*,
Халықтар оларға қарсы жиналатын болады.
11 Ефрем астық бастыруға үйретілген әрі соны жақсы көретін танадай еді,
Сондықтан оның әдемі мойнын аяғанмын.
12 Өздерің үшін әділдіктің тұқымын сеуіп,
Айнымас сүйіспеншілік орыңдар.
Ехобаны іздеуге әлі де уақыт барда+,
Ол келіп, әділдікке үйреткенге дейін+,
Өздерің үшін егістік жерді жыртыңдар+.
Өйткені ұстанған өз жолдарыңа,
Қыруар сарбаздарыңа сенім арттыңдар.
14 Халқыңа қарсы айқай-шу көтеріледі,
Бекіністі қалаларың қирап, қаңырап қалады+,
Бұл Шалманның Арбел үйін ойран қылып,
Аналары бала-шағасымен қоса кескілеп өлтірілген шайқас күніндей болады.
15 Асқан зұлымдығың үшін, уа, Бетел, осындай нәрселер басыңа түседі+.
Таң ата Исраил патшасының үні өшеді+”.