Шежірелер 2-жазба
28 Ахаз+ 20 жасында патша болып, Иерусалимде 16 жыл билік етті. Ол арғы атасы Дәуіт сияқты болмады, қайта, Ехобаның алдында ұнамсыз істер істеді+. 2 Ахаз Исраил патшаларының жолдарымен жүрді+, тіпті темірден Бағалдардың мүсіндерін де құйдырды+. 3 Мұнымен қоймай, Бен-Хенном* аңғарында құрбандық түтінін түтетті, Исраил елінің алдынан Ехоба қуып жіберген басқа ұлттардың жеркенішті істеріне еліктеп+, өз ұлдарын да құрбандыққа шалып өртеді+. 4 Бұған қоса, патша ғибадат төбелерінде+, қыр бастары мен әрбір жайқалған ағаш астында+ құрбандық шалып, құрбандық түтінін түтететін.
5 Сондықтан Құдайы Ехоба оны Сирия патшасының қолына берді+. Сириялықтар оларды тас-талқан етіп, көп адамды тұтқындап, Дамаскіге+ алып кетті. Құдай Ахазды Исраил патшасының да уысына салып беріп, ол яһудалықтардың біразын қырып тастады. 6 Осылай олар ата-бабаларының Құдайы Ехобаны тастап кеткендіктен, Ремалиях ұлы Пеках+ бір күнде Яһуданың 120 000 батыр сарбазын жер құштырды+. 7 Ал Зихри деген ефремдік сарбаз патшаның ұлы Мағасеяхты, сарай басқарушысы Азриқамды және патшадан кейінгі екінші адам Елқананы өлтірді. 8 Сонымен қатар исраилдіктер яһудалық бауырларының, әйел, ұл-қыздарымен қоса, 200 000 адамын тұтқынға алды. Олар мол олжаға батып, бәрін Самарияға+ алып кетті.
9 Сол жерде Одед деген Ехобаның пайғамбары бар еді. Ол Самарияға қайтып келе жатқан Исраил әскерінің алдынан шығып, былай деді: “Ата-бабаларыңның Құдайы Ехоба Яһуда еліне қаһарын төккендіктен, оны сендердің қолдарыңа берді+. Ал сендер оларды аса қатыгездікпен қырдыңдар. Бұл жайлы Құдайға да белгілі болды. 10 Енді болса Яһуда елі мен Иерусалим тұрғындарын өздеріңе құл-күң еткілерің келіп отыр+. Әлде Құдайларың Ехобаның алдында айыбымыз жоқ деп ойлайсыңдар ма?! 11 Ал енді сөзіме құлақ асып, тұтқынға алған бауырларыңды қайтарыңдар! Өйткені бастарыңа Ехобаның лаулаған қаһары төніп тұр!”
12 Сонда Жоханан ұлы Азариях, Мешлемот ұлы Берекия, Шалум ұлы Ехезкиях, Хадлай ұлы Ғамаса атты ефремдік басшылар жорықтан келе жатқан жасаққа қарсы тұрды. 13 Олар былай деді: “Тұтқындарды мұнда алып келмеңдер, әйтпесе Ехобаның алдында айыпты боламыз. Бұлай етулеріңмен күнәмізға күнә, айыбымызға айып қосасыңдар. Онсыз да айыбымыз зор болғандықтан, Исраилге Құдайдың қаһары төніп тұр!” 14 Сонда сарбаздар тұтқындарды да, олжаларын+ да бекзадалар мен күллі қауымға табыстады. 15 Бұдан кейін аты аталып тағайындалған адамдар тұтқындарға барды да, жалаңаш келгендеріне түскен олжадан үстеріне киім, аяқтарына сандал берді. Тұтқындарға ас-су мен денелеріне жағатын май да берілді. Сосын әлсіреп қалғандарын есектерге отырғызып, пальмалар қаласы Иерихондағы бауырларына жеткізіп салды да, өздері Самарияға қайтты.
16 Сол кездері Ахаз патша Ассирия патшаларынан көмек сұрады+. 17 Яһуда еліне қайтадан едомдықтар шабуыл жасап, басып кірді де, біразын тұтқынға алып кетті. 18 Елге філістірлер+ де шабуыл жасап, Яһуданың Шефела+ мен Негев аймақтарындағы қалаларға және Бет-Шамиш+, Аялон+, Гедерот қаласына, Сохо мен қарамағындағы қалашықтарға, Тимна+ мен қарамағындағы қалашықтарға, Ғымзо мен қарамағындағы қалашықтарға басып кіріп, сонда орнығып алды. 19 Осылай Исраил* патшасы Ахаздың кесірінен Ехоба Яһуда елін масқара етті. Себебі Ахаз Яһуданы бетімен жіберіп, Ехобаға барып тұрған опасыздық жасады.
20 Ақырында Ассирия патшасы Тиглатпаласар+ келді, бірақ көмектесудің орнына оған қысымшылық жасай бастады+. 21 Сонда Ахаз Ехобаның үйіндегі, сондай-ақ өз сарайы+ мен бекзадалардың үйлеріндегі бар құнды заттарды алып, Ассирия патшасына тарту етті. Бірақ бұдан оған еш пайда болмады. 22 Басына күн туған осындай шақта, Ахаз патша Ехобаға бұрынғысынан бетер опасыздық жасады. 23 Ол өзін жеңген Дамаск құдайларына арнап құрбандық шала бастады+. Себебі ол: “Сирия патшаларының құдайлары оларға көмектесіп жатыр. Соларға құрбандық шалайын, сонда маған да көмектеседі+”,— деп ойлады. Бірақ олар патшаның да, күллі Исраилдің де сүрінуіне себеп болды. 24 Ахаз шынайы Құдайдың үйіндегі бұйымдарды жинап алып, бұзып тастады+. Сондай-ақ Ехобаның үйінің есіктерін бекітіп қойып+, Иерусалимнің әрбір бұрышына өзіне құрбандық орындарын жасап алды. 25 Ол бөтен құдайларға құрбандық түтінін түтету үшін, Яһуда елінің барлық қалаларында ғибадат төбелерін жасады+. Осылай ата-бабаларының Құдайы Ехобаны қорлады.
26 Ахаздың басқа істерінің бәрі Яһуда және Исраил патшаларының тарихы баяндалған кітапта бастан-аяқ жазылған+. 27 Ақырында Ахаз ата-бабаларына қосылды. Бірақ сүйегі Исраил патшаларының қабіріне емес, Иерусалим қаласындағы бір қабірге қойылды+. Ал орнына ұлы Езекия таққа отырды.