Зәбүр
БІРІНШІ ЖАЗБА
(Зәбүр 1—41)
1 Зұлымдардың кеңесімен жүрмейтін,
Күнәкарлардың жолына түспейтін+,
Мазақтаушылармен бірге отырмайтын+ адам неткен бақытты!
3 Ол сулардың жағасына отырғызылған,
Мерзімінде жемісін беретін,
Жапырақтары еш қурамайтын ағашқа ұқсайды.
Оның әрбір ісі сәтті болады+.
4 Ал зұлымдардың жағдайында бұлай болмайды,
Олар жел ұшырып әкететін қауызға ұқсайды,