Әйүп
2 Құдайға былай деймін: “Мені айыптамашы.
Неге маған өш боп жүргеніңді білдіре көрші.
3 Айтшы, өз қолыңмен жаратқан пендеңді+ қанап,
Түкке тұрғысыз етуден,
Ал зұлымның пиғылын мақұлдаудан саған не пайда?
4 Сенің көзің адам баласының көзіндей ме?
Әлде сен пенденің көргенін ғана көресің бе?
5 Өмірің пенденікіндей келте,
Ғұмырың адам баласынікіндей шолақ па еді+?
6 Неге қателігімді іздеп,
Күнә жасағанымды аңдисың+?
8 Мені өз қолыңмен қалыптастырған ең+,
Ал енді түптамырыммен құртпақсың.
9 Есіңе алшы, мені балшықтан жасаған едің ғой+.
Ал енді қайта топыраққа айналдырмақсың+.
10 Мені сүттей құйып,
Ірімшіктей қойылтқан өзің емес пе ең?
11 Сүйектерім мен сіңірлерімді біріктіре тоқып,
Оларға ет бітіріп, терімен қаптаған да өзің+.
12 Сен маған өмір беріп, айнымас сүйіспеншілік таныттың,
Қамқорлап қорғап жүрдің+.
13 Бірақ жүрегіңде пәлеге ұшыратуды ойладың,
Білемін, мұның бәрі сенен келіп жатыр.
14 Күнә жасасам, бақылап тұрып+,
Қателігімді кешірмес едің.
15 Егер кінәм бар болса, қасіретке қалғаным!
Тіпті кінәсіз болсам да, басымды көкке қарай көтере алмаймын+,
Өйткені әбден жер болып, азап шегудемін+.
16 Ал егер басымды көтерсем, маған арыстандай тап беріп+,
Тағы да айбынды құдіретіңді көрсетер ең.
17 Маған қарсы сөйлету үшін жаңа куәларды әкелесің,
Қатуланып, қаһарыңды күшейте бересің,
Қиыншылықты қарша боратасың.
18 Несіне мені анамның құрсағынан шығардың+?
Ешкім көрмей тұрғанда жер құшып,
19 Ешқашан болмағандай құрып кеткенімде ғой!
Ана құрсағынан бірден көрге кіргенімде ғой!”
20 Өмірім қамшының сабындай қысқа емес пе+?!
Құдай мені өз жайыма қалдырса екен,
Менен жанарын тайдырса екен, сонда азғана болса да серпілер ем+;
21 Себебі мен көп ұзамай қайта оралмас сапарға аттанамын+,
Қара түнекке оранған+,
22 Көзге түртсе көргісіз қараңғылыққа шомған,
Қою қара көлеңке басқан, тәртіпсіздік орнаған,
Жарығының өзі қара түнектей жерге барамын”.