Зәбүр
115 Біздің емес, уа, Ехоба, біздің емес,
Сенің есімің мадақталсын+.
Өйткені сен адалсың, айнымас сүйіспеншілігің мол+.
2 Халықтарға: “Олардың Құдайлары қайда?”— дегізіп не керек+?
3 Құдайымыз біздің көкте,
Ол не қаласа, соны істейді.
4 Ал халықтардың пұттары адам қолымен жасалған алтын мен күміс қана+.
5 Олардың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды+,
Көздері бар, бірақ көре алмайды.
6 Құлақтары бар, бірақ ести алмайды,
Мұрындары бар, бірақ иіскей алмайды.
7 Қолдары бар, бірақ ұстай алмайды,
Аяқтары бар, бірақ жүре алмайды+.
Көмейлерінен де дауыс шықпайды+.
10 Ей, Харон үйі+, Ехобаға арқа сүйе,
Ол — көмекшің әрі қалқаның.
13 Ехоба өзінен қорқатындардың бәрін,
Ұлығын да, кішігін де* жарылқайды.
14 Ехоба сені өркендетеді,
Балаларыңды да өсіріп-өндіреді+.
15 Лайым көк пен жердің Жаратушысы Ехоба+ сендерді жарылқасын+!
18 Ал біз бұдан былай мәңгі бақи Ехобаны* мадақтаймыз.
Ехобаны* мадақтаңдар!