Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. “Құрта көрме” әуенімен айтуға арналған Асаптың+ жыры. Ән.
75 Саған алғыс айтамыз, уа, Құдай, саған алғыс айтамыз;
Сен бізбен біргесің+,
Жұрт керемет істеріңді жариялайды.
2 Сен былай дейсің: “Сот жүргізуді шешсем,
Мен оны әділ жүргіземін.
3 Жер мен оның тұрғындарының бәрі аласапыранға түскенде,
Оның тіректерін берік еткен мен едім”. (Села)
4 Мақтаншаққа: “Бөспе!”— дедім,
Зұлымға мынаны айттым: “Мықтымын деп көпірме!
5 Аса мықтымын деп көпірме,
Паңданып та сөйлеме.
6 Өйткені ұлылық шығыстан да, батыстан да, оңтүстіктен де келмейді.
Ол біреуді төмендетеді, ал өзге біреуді жоғарылатады+.
8 Ехобаның қолында көбіктенген,
Әбден ашыған шарап құйылған тостаған бар+.
Ол оны міндетті түрде төгеді,
Жердегі зұлым атаулы оны түбіне дейін сарқып ішеді+”.
9 Ал мен осы жайлы мәңгі бақи жариялаймын,
Жақыптың Құдайына мадақ әнін шырқаймын.