Зәбүр
Дәуіттің жыры.
138 Бар жүрегіммен, Құдайым, өзіңді мадақтаймын+,
Басқа құдайлардың алдында өзіңе мадақ әнін айтамын*.
2 Киелі ғибадатханаңа қарап тағзым етемін+,
Айнымас сүйіспеншілігің мен адалдығың үшін есіміңді дәріптеймін+.
Өйткені сен сөзің мен есіміңді бәрінің үстінен асқақтаттың*.
4 Уа, Ехоба, жердің барлық патшалары сені мадақтайды+,
Өйткені берген уәделерің құлақтарына жетті.
5 Олар Ехобаның жолдары жайлы ән шырқайды,
Өйткені Ехобаның ұлылығы зор+.
7 Қауіп-қатердің ортасында жүрсем де, сен мені аман сақтайсың+.
Ашулы жауларыма қолыңды созасың,
Мені оң қолыңмен құтқарасың.
8 Ехоба маған деген ниетін толық жүзеге асырады.