Мұсаның 1-жазбасы
20 Ыбырайым қосын сол жерден+ Негевке көшіріп, Қадеш+ пен Шурдың+ арасына қоныс тепті. Сондай-ақ Герарда+ жатжерлік ретінде тұрып жатқанда, 2 ол әйелі Сара жайлы тағы да: “Бұл — менің қарындасым”+,— деді. Сонда Герар патшасы Әбумәлік* адам жіберіп, Сараны алдыртты+. 3 Кейін Құдай Әбумәліктің түсіне кіріп: “Сен осы әйелді алғаның үшін өлесің+, өйткені ол — тұрмыстағы әйел, оның өз қожайыны бар+”,— деді. 4 Бірақ Әбумәлік әйелге жақындаған жоқ еді. Сондықтан ол: “Ехоба, шынымен кінәсіз халықты қырып саласың ба? 5 Оның өзі “бұл — менің қарындасым” демеп пе еді? Әйел де оны “бұл — менің ағам” деді ғой. Мұны істегенде көңілім адал, қолым таза болатын”,— деп жауап қатты. 6 Құдай оған түсінде: “Мұны адал көңілмен істегеніңді білгендіктен, сені маған қарсы күнә жасаудан сақтап қалдым. Сондықтан да бұл әйелге жақындауыңа жол бермедім. 7 Енді әйелді күйеуіне қайтар, өйткені оның күйеуі — пайғамбар+. Ол сен үшін жалбарынып дұға етеді+, сонда тірі қаласың. Ал қайтармасаң, өзің де, үй ішің де түгел өлесіңдер”,— деді.
8 Әбумәлік таңертең ерте тұрып, бүкіл қызметшілерін жинап алып, болған жайттың бәрін айтып берді. Сонда олар қатты қорқып кетті. 9 Әбумәлік Ыбырайымды шақыртып, оған: “Бұл не істегенің? Мені және патшалығымды осындай ауыр күнәға итермелейтіндей мен саған не жаздым? Мұның дұрыс болмады”,— деді де, 10 одан: “Сен мұны қандай ниетпен істедің?”— деп сұрады+. 11 Ыбырайым былай жауап берді: “Мен ішімнен: —Бұл жердің адамдары Құдайдан қорықпайды. Сондықтан әйелім үшін мені өлтіріп тастар+,— деп ойладым. 12 Оның үстіне, ол шынымен менің қарындасым: әкеміз бір, бірақ анамыз бөлек+. Сондықтан да оған үйлендім. 13 Құдай маған: —Әкеңнің үйін тастап, ел кез+,— деп айтқанда, әйеліме: —Маған көрсеткен айнымас сүйіспеншілігің болсын: біз баратын жердің бәрінде мені ағам деп айт+,— деген едім”.
14 Әбумәлік қой мен ірі қара малдарды және құл-күңдерді таңдап алып, Ыбырайымға сыйлады, сондай-ақ әйелі Сараны да қайтарды. 15 Сосын: “Міне, менің жерім, қалаған жеріңде тұра бер”,— деді. 16 Ал Сараға былай деді: “Ағаңа+ 1000 күміс ақша беремін. Бұл — сенің арың таза екенінің белгісі. Осыдан қасыңдағы адамдар мен басқа жұрт сенің абыройың төгілмегенін білетін болады”. 17 Ыбырайым Құдайға жалбарынып дұға етті. Сонда Құдай Әбумәлікті, оның әйелдері мен күңдерін сауықтырды. Олар құрсақ көтере бастады. 18 Себебі Ехоба Ыбырайымның әйелі Сара үшін Әбумәліктің үйіндегі әйелдердің бәрін құрсақ көтермейтін етіп қойған еді+.