Нақыл сөздер
6 Балам, біреу үшін кепілдік берсең+,
Бөтен адаммен қол алыссаң+,
2 Берген уәдең өзіңе тұзақ болса,
Аузыңнан шыққан сөзге шырмалсаң+,
3 Онда әлгі адамның қолына түскенің.
Бұдан құтылу үшін, балам, былай істе:
Дереу бар да, кішірейіп, оған жалынып-жалбарын+.
4 Ұйықтап алайын деп көз жұмба,
Мызғып алайын деп кірпік ілме.
5 Өзіңді құтқар аңшыдан қашқан киіктей,
Аулаушыдан құтылмақ болған құстай.
7 Басшы, бақылаушы мен билеушісі болмаса да,
8 Ол жазда тамағын дайындайды+,
Орақ кезінде азығын жинайды.
9 Ей, жалқау, қашанғы жатасың?
Қашан ұйқыңнан тұрасың?
10 Тағы сәл ұйықтай тұрсаң, тағы сәл мүлгісең,
Қолыңды айқастырып тағы сәл жата тұрсаң+,
11 Кедейлік қарақшыдай атылып,
Жоқшылық қарулы адамдай тап берер+.
16 Ехоба алты нәрсені жек көреді,
Тіпті жеті нәрседен жеркенеді:
17 Менмен көз+, өтірік айтатын тіл+,
Жазықсыздың қанын төгетін қол+,
18 Зұлымдық ойластыратын жүрек+,
Жамандыққа асығатын аяқ,
Бауырларды ұрыстыратын адам+.
21 Оларды жүрегіңнің түкпіріне түйіп,
Мойныңа тағып ал.
22 Жүргеніңде олар сені жетелейді,
Жатқаныңда күзетіп тұрады,
Оянғаныңда ақыл айтады.
27 Адам қойнына от салса, киімін өртемей ме+?
28 Шоқ басса, табанын күйдірмей ме?
30 Аштықтан ұрлық жасағанды жұрт жек көрмейді.
35 Орнына ешқандай төлем алмайды,
Қанша сый берсең де, ашуы басылмайды.