20 Шарап мазақтағыш+, ішімдік жүгенсіз+,
Соларға бой алдырып, жолдан тайған ақылсыз+.
2 Патшаның сұсы арыстанның айбарындай+,
Оның ашуына тиген өз жанын қатерге тігеді+.
3 Айтыс-тартысқа жоламау абырой сыйлар+,
Ал ақымақ оған бірден кірісіп кетер+.
4 Жалқау мезгілінде жер жыртпайды,
Орақ кезінде түк таппай, қол жаяды+.
5 Адамның ой-ниеті терең құдықтағы судай,
Қырағы жан оны тартып шығарар.
6 Көп адам өзін адалмын дер,
Ал шынымен адал жанды кім табар?
7 Әділ мінсіздік сақтап өмір сүреді+,
Соңынан ерген балалары оның бақытты+.
8 Патша өз тағына отырып сот жүргізеді+,
Жанарымен зұлымдық атаулыны желпіп ұшырады+.
9 Кім айта алар: “Жүрегімді тазарттым+,
Күнәмнан толық арылдым”,— деп+?
10 Тура емес кіртас пен өлшеуіш,
Екеуі де Ехобаға жеркенішті+.
11 Тіпті баланың да ісіне қарап,
Жүріс-тұрысының таза да дұрыс екенін білерсің+.
12 Еститін құлақ пен көретін көз
Екеуін де Ехоба жаратқан+.
13 Ұйқышыл болма, жоқшылыққа ұшырарсың+,
Сергек бол, нанға тоярсың+.
14 Сатып алушы затты: “Нашар, нашар!”— дер,
Былай шыққанда, алғанына мақтанар+.
15 Алтын бар, маржан да мол,
Бірақ олардан да бағалысы — дана тіл+.
16 Бөгде біреу үшін кепіл болғанның киімін ал+,
Азғын әйелге кепіл болған болса, кепілдік ал+.
17 Арам жолмен тапқан наны адамға тәтті болар,
Бірақ артынан аузы қиыршық тасқа толар+.
18 Жоспар іске асар кеңесумен+,
Соғыс жүргіз жақсы басшылыққа жүгінумен+.
19 Жалақор өзгенің құпиясын ашар+,
Араласпа адаммен өсекқұмар.
20 Ата-анасын қарғағанның
Қараңғы түскенде шамы сөнер+.
21 Ашкөздікпен иемденген байлықтан
Түбінде еш береке болмас+.
22 “Жамандыққа жамандықпен қайтарамын!”— деме+,
Ехобаға үміт арт+, ол сені аман сақтайды+.
23 Тура емес кіртастар Ехобаға жеркенішті,
Жалған таразы да жақсы емес.
24 Ехоба адамның қадамын бағыттар+,
Пенде өз жолын қалай анықтар?
25 Асығыспен: “Бағыштадым!”+— деп,
Серт беріп алып, артынан ойлану тұзақ болар+.
26 Дана патша зұлымдарды қауыздай желпіп ұшырар+,
Доңғалақпен үстерінен астық іспетті бастырар+.
27 Адамның аузынан шыққан демі —
Ехобаның жан дүниені зерттейтін шамы.
28 Зор мейірім мен адалдық патшаны сақтар+,
Зор мейірімімен ол өз тағын нығайтар+.
29 Жастардың сән-салтанаты — күш-қайраты+,
Қарттардың қадір-қасиеті — ақ шашы.+
30 Таяқ жесе, бойдан жамандық кетер+,
Соққы алса, жан дүние тазарар.