28 Зұлым ешкім қумаса да қашар,
Әділ адам арыстандай батыл болар+.
2 Елде заң тапталса, билеуші тұрақтамас+,
Парықты да білікті кеңесшінің көмегімен ол ұзақ тұрар+.
3 Бейшараларды алдап тонайтын кедей+
Бар азықты шайып кететін жаңбыр сияқты.
4 Заңды бұзғандар зұлымды дәріптейді,
Ал заңды ұстанатындар оларға ызаланады+.
5 Зұлымдар әділетті ұқпайды,
Ехобаны іздейтіндер бәрін түсінеді+.
6 Арам жолмен жүрген байдан гөрі
Мінсіз жүрген кедей артық+.
7 Түсінігі бар бала заңды ұстанар,
Мешкейлермен достасқан әкесін ұятқа қалдырар+.
8 Дәулетін пайда көздеп, өсім алумен көбейткен+,
Онысын кедейге қамқор болғанға жинар+.
9 Заңға құлақ асқысы келмейтіннің
Тіпті дұғасы да жеркенішті+.
10 Шыншылды адастыратын адам қазған орына өзі түсер+,
Ал кінәратсыз жан игілікке кенелер+.
11 Бай адам өзін данышпан санар+,
Ал парықты кедей оның шын болмысын көрер+.
12 Әділдер жеңіске жетсе, салтанат орнар,
Зұлымдар үстемдік етсе, халық тығылар+.
13 Күнәларын жасырған өркендемес+,
Ал мойындап, оларды тастаған рақым көрер+.
14 Әрдайым сақ жүрген жан бақытты,
Жүрегін қасарыстырған апатқа ұшырайды+.
15 Бейшара халықты билеген зұлым әмірші
Ақырған арыстан мен тап берген аюға ұқсар+.
16 Парықсыз көсем билігін теріс қолданар+,
Ал арам пайданы жек көретін жан өмірін ұзартар+.
17 Кісі өліміне жауапты көрге түскенше қашқын болар+,
Болмасын ешкім оны қолдар.
18 Мінсіз жүрген жан аман болар+,
Қисық жолда жүрген кенеттен құлар+.
19 Жерін өңдегеннің наны мол болады,
Бос нәрсеге ұмтылған жоқшылықтан көз ашпайды+.
20 Адал жан мол батаға кенеледі+,
Баюға асыққан кінәсіз қалмайды+.
21 Адамды алалау жақсы емес+;
Пенде бірүзім нан үшін де жамандықтан тайынбас.
22 Қызғаншақтың есіл-дерті байлық болар,
Түбінде жоқшылық көретінінен ол бейхабар.
23 Жағымпаздан гөрі түзетуші+
Соңында көбірек көрер құрметті+.
24 “Қылмыс емес” деп әке-шешесін тонаушы+ —
Қарақшылардың серіктесі+.
25 Ашкөз адам араздық туғызар,
Ехобаға арқа сүйеген өрге басар+.
26 Өз-өзіне сенімді адам ақымақ+,
Даналыққа жүгінетін жан аман жүрер+.
27 Кедейлерге қолы ашық жоқшылық көрмес+,
Оларға көз жұматын көп қарғысқа ұшырар.
28 Зұлымдар үстемдік етсе, жұрт тығылар,
Олар жойылса, әділдер көбейер+.