Ишая
56 Ехоба мынаны айтады:
“Мен жуырда құтқарамын, әділдігімді паш етемін+.
Сондықтан әділдікті берік ұстаныңдар+,
Заңға сай әрекет етіңдер.
2 Осылай ететін адам бақытты.
Демалыс күнін ұстанатын, оны арамдамайтын+,
Зұлымдық атаулыға жоламайтын адам бақытты.
3 Ехобаға сиынатын жатжерлік+:
—Ехоба мені халқынан аластатып жібереді!— демесін.
Белінен айырылған еркек* те: —Мен қураған ағашпын!— демесін.
4 Себебі Демалыс күндерімді ұстанып, маған ұнамдыны таңдаған, әрі келісімімді берік ұстанатын белінен айырылған еркектерге менің, Ехобаның, айтары мынау:
5 —Мен оларға өз үйімнен орын сыйлаймын,
Есімдерін еш ұмытпаймын.
Оларға ешқашан өшпейтін мәңгілік есім сыйлаймын.
Бұл ұл-қыздардан да артық.
6 Сондай-ақ маған, Ехобаға, қызмет ету үшін,
Ехоба деген есімімді жақсы көретін+,
Қызметшім болғысы келетін,
Демалыс күндерімді ұстанатын, оны арамдамайтын,
Келісімімді берік ұстанатын жатжерліктерді
7 Мен киелі тауыма алып келіп+, дұға ететін үйімде қуанышқа бөлеймін.
Құрбандық ошағымда шалған түгел өртелетін және басқа да құрбандықтарын қабыл аламын.
Себебі менің үйім барлық халықтар дұға ететін үй деп аталатын болады+”.
8 Исраилдің бытырап кеткен халқын жинап жатқан Әлемнің Әміршісі Ехоба+ мынаны айтады:
“Мен жинап алғандарыма басқаларын да әкеп қосамын”+.
9 Даланың жабайы аңдары, бәрің де келіп, жеңдер.
Орманның жабайы аңдары, бәрің де келіңдер+.
10 Оның күзетшілері соқыр+, ешқайсысы ештеңе байқамайды+.
Бәрі де үре алмайтын мылқау төбеттер+.
Олар демін әрең алады, қалғып-мүлгіп жатқанды жақсы көреді.
11 Олар қомағай төбеттер,
Ешқашан тою дегенді білмейді.
Олар түсініктен жұрдай бағушылар+,
Бірі қалмай өз жолымен кетті.
Әрқайсысы арам пайда көздеп былай дейді:
Ертең де бүгінгідей болады, тіпті әлдеқайда жақсы болады!”