99 Ехоба Патша болды+.
Лайым халықтар қалтырап-дірілдесін.
Ол керубтердің үстінде тақта отыр+.
Лайым жер дүмпісін.
2 Ехоба ұлылығын Сионда паш етеді,
Күллі халықтардың үстінен билік жүргізеді+.
3 Лайым олар ұлы есіміңді дәріптесін+,
Өйткені сенің есімің айбынды да киелі.
4 Сен әділдікті жақсы көретін құдіретті патшасың+,
Туралықты мызғымастай бекіттің.
Жақып ұлдарына әділдік орнатып бердің+.
5 Құдайымыз Ехобаны асқақтата дәріптеңдер+,
Табан тіренішінің алдына келіп тағзым етіңдер+.
Ол — киелі Құдай+.
6 Оның діни қызметкерлерінің қатарында Мұса мен Харон болған+,
Самуил оның есімін атап шақырған+.
Олар Ехобаны шақырушы еді,
Сонда ол жауап беруші еді+.
7 Оларға бұлт бағанасынан сөйлеуші еді+.
Олар болса оның ескертулері мен жарлығын орындаушы еді+.
8 Уа, Құдайымыз Ехоба, сен оларға жауап беретінсің+.
Сен олар үшін кешірімді Құдай болдың+,
Әйтсе де күнәлары үшін жазалайтынсың+.
9 Құдайымыз Ехобаны асқақтата дәріптеңдер+,
Киелі тауының алдында тағзым етіңдер+.
Өйткені Құдайымыз Ехоба киелі+.