Қорынттықтарға 1-хат
5 Маған араларыңда азғындық*+, тіпті басқа ұлт адамдары жасамайтын азғындық, бар деген хабар жетті: әлдекім әкесінің әйелімен тұрып жатыр екен+. 2 Сендер соған мақтанып жүрсіңдер ме? Қайта, қайғырып+, осындай қылық істеген адамды орталарыңнан шығарып тастауларың керек емес пе+?! 3 Тәнім алыста болғанмен, рухыммен қастарыңдамын. Сондықтан араларыңда жүргендей, осыны істеген адамға үкім шығарып қойдым. 4 Иеміз Исаның атынан жиналғандарыңда, Иеміз Исаның құдіретімен бірге менің де рухыммен қастарыңда екенімді білгендіктен, 5 әлгі адамның күнәкар ықпалын құрту үшін, оны Шайтанға тапсырыңдар+. Сонда Иеміздің күнінде қауымның рухы сақталады+.
6 Мақтанғандарың дұрыс емес. Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытатынын+ білмейсіңдер ме? 7 Жаңа қамыр болу үшін ескі ашытқыдан арылыңдар. Осылай араларыңда ашытатын еш нәрсе болмау керек. Себебі Құтқарылу мейрамының* тоқтысы Мәсіх+ біз үшін құрбандыққа шалынды+. 8 Ендеше мейрамды ескі ашытқымен немесе жамандық пен зұлымдықтың ашытқысымен емес, шынайылық пен адалдықтың ашымаған нанымен тойлайық+.
9 Сендерге жазған хатымда азғындармен араласпау керектігін айтқанмын. 10 Бірақ мен осы дүниелік азғын+, ашкөз, тонаушы не пұтқа табынушы адамдар жөнінде айтқан жоқ едім. Әйтпесе осы дүниеден безіп кетулерің керек болар еді+. 11 Ал енді сендерге мынаны жазып отырмын: бауырлас аталғанмен, азғын, ашкөз+, пұтқа табынушы, балағатшыл, маскүнем+ не тонаушы болып жүргендермен+ араласуды доғарыңдар+, ондайлармен тіпті дастарқандас та болмаңдар. 12 Қауымнан тыс адамдарды соттау менің шаруам ба? Сендер қауымдағыларды соттауларың керек емес пе? 13 Ал одан тыс адамдарды Құдай соттайды+. “Зұлым адамды араларыңнан аластатыңдар”+.