Ишая
28 Ефрем+ маскүнемдерінің дандайсыған тәжі* қасіретке қалады,
Шарапқа салынғандардың құнарлы аңғарының басындағы
Оның салтанатты әсемдігінің солғын тартқан гүлі қасіретке қалады!
2 Міне, Ехоба мықты да қуатты біреуді жібереді.
Ол бұршақты дауыл, жойқын құйын сияқты,
Ғаламат тасқын әкелетін екпінді жел іспетті,
Оны бар күшімен жерге атып ұрады.
4 Құнарлы аңғардың басындағы
Оның салтанатты әсемдігінің солғын тартқан гүлі
Жаз келмей тұрып піскен інжір жемісіндей болады,
Көрген адам оны жұлып алып, жеп қояды.
5 Сол күні Әскербасы Ехоба халқының тамтығы үшін салтанатты тәж әрі әсем гүлдесте болады+. 6 Ол төрелік ететіндерге әділдік рухын, қақпа алдында жауға тойтарыс беретіндерге күш дарытады+.
7 Мыналар да шараптың кесірінен жолдан адасты,
Ішіп алып теңселіп жүр:
Діни қызметкер мен пайғамбар ішімдікке салынып адасты,
Шарап оларды есінен аудырды,
Олар ішіп алып теңселіп жүр.
Көрген аяндары жолдан адастырды,
Олар дұрыс шешім қабылдай алмайды+.
8 Дастарқандары жеркенішті құсыққа толы,
Былғанбаған жері жоқ.
9 Олар былай дейді: “Мынауың кімге білім бермекші?
Хабарын кімге түсіндірмекші?
Әлде біз жаңа ғана ана бауырынан айырылған,
Жаңа ғана емшектен шығарылған сәбиміз бе?!
10 Бізге бар айтатыны:
“Өсиет үстіне өсиет, өсиет үстіне өсиет,
Заң үстіне заң, заң үстіне заң*+,
Кішкене мына жерде, кішкене ана жерде*”.
11 Сондықтан ол бұл халыққа хабарын кекештер мен шет тілде сөйлейтіндер арқылы жеткізеді+. 12 Кезінде ол осы халыққа: “Бұл — тынығатын орын. Шаршаған адам тынықсын; бұл — бой сергітетін орын”,— деген еді, бірақ олар тыңдағысы келмеді+. 13 Сол себепті Ехобаның мына сөзі орындалады:
“Өсиет үстіне өсиет, өсиет үстіне өсиет,
Заң үстіне заң, заң үстіне заң*+,
Кішкене мына жерде, кішкене ана жерде”.
Осылайша олар жүргенде сүрініп, шалқасынан құлайды,
Мертігеді, торға түсіп, ұсталады+.
14 Ей, мақтаншақтар, мына халықтың Иерусалимдегі басшылары!
Ендеше, Ехобаның сөзін тыңдаңдар!
15 Сендер былай дейсіңдер:
Ғаламат тасқын болғанда, бізге жуымай, айналып өтеді.
Өйткені біз өтірікті пана,
Жалғандықты жасырынатын таса қылдық+”.
16 Сондықтан Әлемнің Әміршісі Ехоба былай дейді:
“Мен Сионға іргетас етіп тексерілген тасты+,
Оған сенім артқан адам еш абыржымайды+.
Өтіріктің панасын бұршақ жояды,
Жасырынатын тасасын су басады.
Ғаламат тасқын болғанда,
Тас-талқандарың шығады.
19 Тасқын болған сайын, сендерді шайып кетіп отырады+.
Өйткені ол күн демей, түн демей әр күні таңертең болып тұрады.
Олар қорыққандықтан ғана естігендерін түсінеді*”.
20 Көсілейін десе, төсектері тым қысқа,
Оранып жамылайын десе, көрпелері тым енсіз.
21 Ехоба өзінің ісін, ерекше ісін, жүзеге асыру үшін,
Өзінің жұмысын, әдеттен тыс жұмысын, атқару үшін+,
Перасим тауындағыдай орнынан көтеріледі,
Гибеон маңындағы аңғардағыдай түрегеледі+.
23 Үніме құлақ түріңдер,
Айтқандарыма назар салыңдар.
25 Топырақты тегістеп болған соң,
Қара зире шашып, зире сеуіп тастайды ғой?
Белгіленген жерлерге бидай, тары, арпа,
Ал танабының жиегіне қос дәнді бидай+ егеді ғой?
Қайта, қара зирені ағашпен ұрғылайды,
Ал зирені тоқпақпен соққылайды.
28 Нанға арналған дәнді жаныштап тастаушы ма еді?
Жоқ, оны толассыз бастыра бермейді+.
Атқа жегілген бастыратын дөңгелекті астықтың үстінен айналдырып жүреді,
Бірақ оны жаныштап тастамайды+.
29 Бұл да — Әскербасы Ехобадан келген даналық.
Оның кеңесі керемет, істері ұлы+.