Қорынттықтарға 1-хат
8 Пұттарға бағышталған тағамдарға+ тоқталсам, бұған қатысты бәріміздің де біліміміз бар+. Білім менмен етеді, ал сүйіспеншілік рухани нығайтады+. 2 Егер кімде-кім бірдеңені білемін деп ойласа, ол оны әлі тиісті деңгейде білмейді. 3 Ал кім Құдайды сүйсе, Құдай сол адамды біледі.
4 Пұттарға бағышталған тағамдарды жеуге келсек, біз пұттың түкке де тұрмайтынын+ әрі тек бір ғана шынайы Құдай+ бар екенін білеміз. 5 Көптеген “құдайлар” мен “иелер” бар, сол сияқты көкте де, жерде де “құдай” деп аталатындар бар+. 6 Алайда біз үшін жалғыз Құдай+ Әке+ бар. Бәрі содан бастау алған, әрі біз сол үшін өмір сүрудеміз+. Сондай-ақ жалғыз Иеміз бар. Ол — Иса Мәсіх. Құдай барлығын сол арқылы жаратты+, біз де сол арқылы өмір сүрудеміз.
7 Бірақ бәрінде бірдей мұндай білім жоқ+. Кезінде пұтқа табынғандықтан кейбіреулер тамақ жегенде, оны пұтқа бағышталған деп қабылдайды+. Осылай әлсіз ар-ұждандары арамдалады+. 8 Алайда тамақ бізді Құдайға жақындатпайды+: жемесек, ештеңе жоғалтпаймыз, жесек, ештеңеге ие болмаймыз+. 9 Бірақ абайлаңдар, таңдау еркіндіктерің әлсіздерді сүріндіріп жүрмесін+. 10 Ар-ұжданы әлсіз біреу білімі бар сенің пұтқа табынатын ғибадатханада тамақ жеп жатқаныңды көрсе, бұл оған пұтқа бағышталған тамақты жеуге батылдық бермей ме? 11 Осылай сен білімің арқылы Мәсіх өмірін қиған бауырласыңның сеніміне нұқсан келтіресің+. 12 Олай болса, өз бауырластарыңа қарсы күнә жасап, әлсіз ар-ұждандарын жарақаттауларыңмен+ Мәсіхке қарсы күнә жасап жатырсыңдар. 13 Сондықтан жейтін тамағым бауырласымды сүріндірсе, оны сүріндірмеу үшін бұдан былай ешқашан ет жемеймін+.