Ишая
25 Уа, Ехоба, сен менің Құдайымсың!
Өзіңді асқақтата дәріптеймін, есіміңді мадақтаймын.
2 Сен қаланы бір төбе тасқа айналдырдың,
Бекіністі шаһарды күл-талқан еттің.
Бөтендердің қаласы қала болудан қалды,
Ол енді ешқашан қайта салынбайды.
Жаңбырдан бассауғалайтын пана,
Аптап ыстықтан тығылатын сая болдың+.
Озбырлардың демі қабырғаға соққан дауылдай,
5 Қуаң жердің аптабындай болғанда,
Сен құдайдан безгендердің шулаған үнін басасың.
Бұлт көлеңкесінің аптап ыстықты басатынындай,
Озбырлардың әні тыйылады.
6 Әскербасы Ехоба осы тауда+ күллі халықтар үшін бай дастарқан жайып+,
Жақсы шарап қойып той жасайды.
Жілік майына толы бай дастарқан жайып,
Таңдаулы, сүзілген шарап қойып той жасайды.
7 Осы тауда ол барлық халықтарды жауып тұрған жамылғыны,
Күллі ұлттарды бүркеп тұрған жабуды алып тастайды.
Бүкіл жер бетінде халқын масқарадан арылтады,
Өйткені мұны айтқан — Ехобаның өзі.
9 Сол күні олар былай дейді:
“Міне, бұл — біздің Құдайымыз+!
Бұл — Ехоба!
Біз соған үміт артамыз.
Кәне, құтқарғаны үшін қуанып-шаттанайық+”.
10 Өйткені Ехобаның қолы осы таудың үстінде болады+,
Моаб болса көңге қосып тапталған сабандай,
Тұрған жерінде тапталады+.
11 Жүзуші қолын қалай сермесе,
Құдай да оған қарай қолын солай сермейді.
Қолының епті қимылымен оның көкірегін басады+.
12 Ол бекіністі қаланы қоршаған биік дуалдарымен қоса қиратады,
Жерге атып ұрып, жермен-жексен қылады.