Ишая
41 Ей, аралдар, алдымда үнсіз тұрып мені тыңдаңдар!
2 Кім шығыстан біреуді тағайындады+?
Кім өз әділдігіне сай, оны өзіне қызмет етуге шақырды?
Кім оның қолына халықтарды табыстады,
Патшаларды бағындырды+?
Кім оның семсерінің алдында оларды тозаңға айналдырды,
Садағының алдында сабандай ұшырды?
3 Ол бұрын аяқ баспаған жолдармен жүріп,
Еш сүрінбей оларды өкшелей қуды.
4 Кім әрекет етіп, осыларды жүзеге асырды?
Кім ұрпақтарды әуел бастан шақырды?
Мен, Ехоба — Алғашқымын+.
Бір ұрпақтан соң, өзгесі келеді, ал мен өзгермей қала беремін+”.
5 Мұны аралдар көріп, зәрелері ұшты.
Жердің қиыр шеті қалтырап қоя берді.
Жұрт өзара бас қосты.
6 Әркім серігіне көмектеседі,
Бауырына: “Берік бол!”— дейді.
7 Зергер темір ұстасын жігерлендіреді+.
Тегістеуші де төсте темір ұратын серігін нығайтады.
“Өте жақсы!”— деп, дәнекерлеген жерін мақтайды.
Сосын берік тұру үшін, пұтты шегелермен бекітеді.
8 “Ал сен, уа, Исраил, менің қызметшімсің+,
Уа, өзім таңдап алған Жақып+,
Досым Ыбырайымның ұрпағы+,
9 Мен сені жердің шетінен алып келдім+,
Жердің қиыр шетінен шақырып алдым.
10 Еш қорықпа, мен саған жар боламын+.
Еш абыржыма, мен сенің Құдайыңмын+.
Мен сені нығайтамын, саған көмектесемін+,
Әділдігіме сай, оң қолыммен сүйемелдеймін,— дедім.
11 Саған қаһарланғандардың бәрі ұятқа қалады, масқарасы шығады+.
Саған қарсы шығатындар құрып жоқ болады+.
12 Өзіңмен жауласқандарды іздесең де, таппайсың.
Сенімен соғысқандар ешқашан болмағандай құрып кетеді+.
13 Өйткені мен, Құдайың Ехоба, оң қолыңнан ұстап тұрмын,
Саған: —Еш қорықпа! Мен саған көмектесемін!— деймін+.
14 Ей, құрт іспетті дәрменсіз Жақып+, еш қорықпа, Исраил халқы, мен саған көмектесемін!
Мұны айтып отырған — Ехоба, Құныңды өтеуші+, Исраилдің Киелі Құдайы.
Сен тауларды таптап, жермен-жексен қыласың,
Төбелерді топанға айналдырасың.
16 Жауларыңды астықтай суырасың,
Оларды жел ұшырып, дауыл айдап әкетеді.
17 Бейшара, жарлы адам су іздейді, бірақ таппайды.
Олар шөлдеп, ауыздары кебеді+.
Шөл даланы қамысты көлге,
Қуаң даланы бұлақты елге айналдырамын+.
19 Мен құла түзге қарағай, қараған, мирта, самырсын егемін+.
Шөл далаға арша ағашын, шаған, кипарис отырғызамын+.
20 Сонда бүкіл адамзат мұны Ехобаның қолы істегенін,
Исраилдің Киелі Құдайы жаратқанын көретін әрі білетін болады,
Ден қоятын әрі түсінетін болады+”.
21 “Мәселені ортаға салыңдар”,— дейді Ехоба.
Жақыптың Патшасы: “Дәлелдеріңді келтіріңдер”,— дейді.
22 Айғақтар келтіріп, алда не болатынын айтып беріңдер.
Бізге өткен жайттарды айтып беріңдер,
Оларды ой елегінен өткізіп, немен бітетінін білейік.
Немесе алда не болғалы жатқанын айтыңдар+.
Иә, жақсы болсын, жаман болсын — бірдеңе істеңдер,
Соны көріп, қайран қалайық+.
Сендерді таңдаған әркім барып тұрған жексұрын+!
25 Мен солтүстіктен біреуді тағайындадым, ол келеді+,
Ол күншығыстан шығады+, әрі менің есімімді шақырады.
Ол басшыларды балшық іспетті таптайды+,
Сазбалшық таптаған құмырашыдай жаншиды.
26 Осыны біз білсін деп, кім әуел бастан айтты?
“Ол дұрыс айтады” деуіміз үшін, кім мұны бұрындары айтқан еді+?
Әрине, ешкім мұны хабарламады!
Ешкім жарияламады!
Сендерден мұндай сөздерді ешкім естімеді+!
27 Қайта, өзім бірінші болып Сионға: —Міне, мынау болғалы жатыр,— дедім+.
Иерусалимге ізгі хабар жеткізетін хабаршы жібердім+.
28 Мен іздеуді доғармадым, бірақ ешкімді таппадым.
Ақыл-кеңес берер ешкім болмады;
Мен олардан жауап беруін сұраудан талмадым.
29 Олардың бәрі шындығында жоқ.
Жұрттың жасап алғандары түкке тұрмайды.
Темір мүсіндері — небәрі жел, жоқ нәрсе+.