Еремияның зары
א [Алеф]
3 Мен оның қаһарының таяғынан зардап шеккен адаммын.
2 Ол мені қуып шығып, жарықта емес, түнекте жүргізді+.
3 Күнұзаққа ол қолын маған қарсы көтереді+.
ב [Бет]
4 Ол тәнімді әлсіретіп, терімді тоздырды,
Сүйектерімді сындырды.
5 Мені қоршауға алып, айналама улы шөптер+ мен қиындықтар қаптатты.
6 Баяғыда өлген адамдай, мені қараңғы жерге отырғызды.
ג [Гимел]
7 Қаша алмауым үшін, дуалмен қоршап қойды.
Ол маған ауыр мыс кісен салды+.
8 Көмек сұрап жалынып-жалбарынғанда, дұғама құлақ салмайды+.
9 Жолымды қашалған тастармен бөгеді.
Жолдарымды ирелеңдетіп қисық қылды+.
ד [Далет]
10 Ол мені аюдай аңдып, арыстандай торуылдап жатыр+.
11 Жолдан сүйреп шығарып, паршалап тастады*.
Ол мені қаңыратып бос қалдырды+.
12 Садағын керіп, мені жебесінің нысанасы етті.
ה [Хе]
13 Қорамсағындағы жебелермен бүйректерімді түйреді.
14 Барша халық мені күлкіге айналдырып, күнұзаққа әндеріне қосады.
15 Ол ішімді ащыға толтырды, жусанға тойдырды+.
ו [Вав]
16 Тістерімді қиыршық таспен сындырды.
Мені үрейден күл-қоқыста бұғынып жатуға мәжбүрледі+.
17 Жанымды тыныштықтан айырдың, жақсылықтың не екенін ұмыттым.
18 Сондықтан да: “Сән-салтанатым ғайып болып, Ехобаға артқан үмітім де үзілді”,— деймін.
ז [Заин]
19 Менің азабымды, үйсіз-күйсіз қалғанымды+, жусан мен улы шөп жегенімді есіңе ал+.
20 Сен міндетті түрде есіңе аласың, қол ұшын беру үшін маған еңкейесің+.
21 Мен мұны жүрегімде сақтаймын, сол себептен сені шыдаммен күтемін+.
ח [Хет]
22 Ехобаның айнымас сүйіспеншілігінің арқасында түгел жойылып кетпедік+,
Оның мейірімі ешқашан сарқылмайды+.
23 Мейірімі оның таң атқан сайын жаңарып отырады+, адалдығы да ұлан-ғайыр+.
24 “Ехоба — менің үлесім+, сондықтан оны күтуге бел будым+”,— дедім мен.
ט [Тет]
25 Ехоба өзіне үміт артқанға+, өзін іздейтін жанға ізгі+.
26 Адам үшін Ехобаның құтқарғанын+ үнсіз* күту игі+.
27 Адам үшін жас шағында ауыр жүк* көтергені игі+.
י [Йод]
28 Құдай оны мойнына салғанда, оңаша отырып, үндемесін+.
29 Ол етпетімен жерге жатсын*+, бәлкім, әлі де үміт бар шығар+.
30 Өзін ұрғанға жағын тоссын, қорлыққа соңына дейін төзсін.
כ [Каф]
31 Ехоба бізді біржола тастап кетпейді+.
32 Қасірет жіберсе де, айнымас сүйіспеншілігі зор болғандықтан, бізге шапағатын түсіреді+.
33 Өйткені оның жүрегі адам баласына қайғы-қасірет шектіруді қаламайды+.
ל [Ламед]
34 Жер бетіндегі тұтқындарды аяқпен жаншу+,
35 Құдай Тағаланың алдында адамның құқығын бұзу+,
36 Сотта әділдікті бұрмалау — мұндайға Ехоба төзбейді.
מ [Мем]
37 Ехоба солай болсын демесе, кім бірдеңе айтып, онысын орындай алады?!
38 Құдай Тағаланың аузынан жақсылықпен бірге жамандық шықпайды.
39 Тірі жан күнәсінің зардабын тартқанда, несіне наразы болады+?
נ [Нун]
40 Жолымызды тексеріп, саралайық+, сөйтіп, Ехобаға қайта оралайық+.
41 Көктегі Құдайға қолымызды жайып, шын жүректен дұға етейік+:
42 “Біз қылмыс жасап, бүлік шығардық+, сен бізді кешірген жоқсың+.
ס [Самех]
43 Ашуланып, өзіңе жақындауымызға тосқауыл қойдың+.
Бізді қудалап, қырып салдың, аяушылық танытпадың+.
44 Дұғамыз өзіңе жетпеу үшін, бұлтпен бөгет қойдың+.
45 Бізді халықтардың арасындағы қоқыс пен сыпырындыға айналдырдың”.
פ [Пе]
46 Дұшпандарымыз бізге аузын ашып, келемеждеуде+.
47 Үрей мен қазылған ор+, ойрандалу мен жойылу еншімізге тиді+.
48 Халқымның қызының күйрегенін көріп, көз жасым көл-дария болды+.
ע [Аин]
51 Қаламның қыздарымен* не болғанын көріп, жаным қайғы-мұңға батты+.
צ [Цади]
52 Жауларым құс аулағандай, себепсізден-себепсіз соңыма түсті.
53 Өмірімді үзбек болып, орға тастады. Таспен мені атқылады.
54 Сулар басымнан асып жатты.
Сонда: “Құрыған жерім осы!”— дедім.
ק [Коф]
55 Уа, Ехоба, құдықтың түбінен есіміңді шақырдым+.
56 Даусымды естіші, көмек пен жеңілдік сұрап жалынғанда, құлағыңды жаппашы.
57 Өзіңді шақырған күні жаныма жақын келіп: “Қорықпа!”— дедің.
ר [Реш]
58 Уа, Ехоба, сотта менің мүддемді қорғадың, өмірімді азат еттің*+.
59 Уа, Ехоба, маған жасалған қиянатты көрдің, мен үшін әділдік орната көрші+.
60 Сен олардың барлық кекшіл әрекетін, маған қарсы ойластырған бар айла-амалын көрдің.
ש [Син] не [Шин]
61 Уа, Ехоба, олардың қалай табалағанын, маған зымияндық ойластырғанын естідің+,
62 Қарсыластарымның айтқан сөздері, күнұзаққа мен жайлы күбірлескені де құлағыңа жетті.
63 Қарашы, олар отырса да, тұрса да, мені әндеріне қосып мазақ етеді!
ת [Тав]
64 Уа, Ехоба, істеріне сай, олардың есесін қайтарасың.
65 Оларды қарғысқа ұшыратып, жүректерін қасарыстырасың.
66 Сен, Ехоба, қаһарлана олардың соңына түсесің және жер бетінен көзін құртасың.