Қорынттықтарға 2-хат
10 Өздерің қасымызда жүрсе, әлсіз+, ал алыста жүрсе, батыл деп есептейтін мен+, Пауыл, Мәсіхке тән жұмсақтықпен және мейіріммен+ өтініп сұраймын. 2 Қастарыңда болғанда, бізді осы дүниеліктер іспетті әрекет етеді деп есептейтіндерге қарсы қатаң шара қолдану үшін батыл болуға мәжбүр етпеулеріңді өтінемін. 3 Біз осы дүниеде өмір сүріп жатсақ та, оның әдісімен соғыспаймыз. 4 Қолданып жүрген қаруларымыз — осы дүниелік адамдардікіндей емес+, бекіністерді талқандау үшін Құдай берген құдіретті қарулар+. 5 Біз Құдай туралы білімге қайшы ой-пікірлер мен кез келген бөгетті талқандаймыз+, сондай-ақ әрбір ойды жеңіп, Мәсіхке бағындырамыз. 6 Араларыңдағы мойынсұнбай жүргендерді жазалауға да дайынбыз+. Мұны сендер толық мойынсұнатындарыңды көрсеткен соң істемекпіз.
7 Сендер сырт көрініске қарап баға бересіңдер. Кімде-кім Мәсіхтің меншігі екеніне сенімді болса, мына жайлы тағы да ойланып көрсін: ол Мәсіхтің меншігі болса, біз де сондаймыз. 8 Иеміз бізге сендерді құрту үшін емес, нығайту үшін билік берді+. Сол билігіме тым көп мақтансам да, ұятқа қалмас едім. 9 Сендерді хаттарыммен қорқытып жатқандай көрінгім келмейді. 10 Кейбірің: “Хаттары салмақты да күшті, ал арамызда болғанда, өзі де әлсіз, сөзі де мәнсіз”,— дейді екенсіңдер. 11 Мұндайлар сендерден алыста жүргенде хат арқылы жазған сөзіміз бен араларыңда жүргенде істейтін ісіміздің бірдей болатынын білсін+. 12 Өзімізді өздеріне кепілдеме беретіндермен бір қатарға қоюға не салыстыруға дәтіміз бармайды+. Олар өздеріне өз өлшемдерімен баға беріп, өздерін өздерімен салыстырып, еш түсініктері жоқ екенін көрсетеді+.
13 Біз болсақ белгіленген шектен шықпай, Құдай өзімізге өлшеп берген аумақтың аясындағы жетістіктерімізге ғана мақтанамыз. Бұл аумақ сендерді де қамтиды+. 14 Аумағымыздың шегінен тыс шықпаймыз. Егерде бұл шегара сендерді қамтымаса, солай болар еді. Мәсіх туралы ізгі хабарды сендерге алғаш болып біз жеткіздік қой+. 15 Жоқ, біз тағайындалған шегарамыздан тыс аумақта атқарылған өзгелердің еңбегімен мақтанып отырған жоқпыз. Қайта, сенімдерің өсе келе, аумағымызда, яғни араларыңда, атқарған қызметімізді бағалай түсесіңдер деп үміттенеміз. Сонда бұдан да көп іс атқарып, 16 ізгі хабарды сендерден тыс, өзге жерлерде де уағыздаймыз. Осылай басқаның аумағындағы атқарылып қойған істер үшін мақтанбаймыз. 17 “Кім мақтанатын болса, Ехобаны айтып мақтансын”+. 18 Өйткені өзіне-өзі кепілдеме берген адам емес+, Ехоба кепілдеме берген адам оның ықыласына ие болады+.