Зәбүр
94 Уа, зұлымдардан кек алатын Құдай Ехоба+,
Уа, зұлымдардан кек алатын Құдай, жарқырай берші!
3 Уа, Ехоба, бұл қашанға дейін созылмақ?
Зұлымдар қашанға дейін асқақтай бермек+?
4 Олардың аузы тынбайды, паңдана сөйлейді,
Күнәкарлардың бәрі өздерін мақтайды.
5 Уа, Ехоба, олар сенің халқыңды жаншиды+,
Меншікті иелігіңді қанайды.
6 Олар жесір мен жатжерлік кісіні жояды,
Жетім балаларды да жер құштырады.
8 Ей, санасыздар, түсінсеңдерші,
Ей, ақымақтар, мұны қашан ұғынасыңдар+?
9 Құлақ берген Құдай естімейді дейсіңдер ме?
Көз берген Құдай көрмейді дейсіңдер ме+?
10 Халықтарды түзететін Құдай әшкерелемей ме+?
Ол — халықтарға білім дарытатын Құдай ғой+!
11 Ехоба адам ойының бекершілік екенін біледі+.
12 Уа, Ехоба*, өзің түзететін адам бақытты+,
Өзің заңыңды үйрететін адам бақытты+;
13 Басына күн туған шақтарда сен оған тыныштық сыйлайсың,
Зұлым адам орға құлайтын кез келгенше солай етесің+.
15 Қайтадан әділ үкім шығарылады,
Ақжүрек адамдардың бәрі соған еретін болады.
16 Кім мен үшін зұлымдарға қарсы шығады?
Кім мен үшін күнәкарларға қарсы тұрады?
17 Ехоба маған жар болмағанда,
Тез-ақ құрып кеткен болар едім+.
18 Мен: “Аяғым тайып барады”,— дегенімде,
Сенің айнымас сүйіспеншілігің әрдайым қолдап жүрді, уа, Ехоба+.
20 Заңды пайдаланып пәлеге ұшыратуды ойлайтын+
Арамза билеушілер сенімен одақтас бола ала ма?
22 Бірақ Ехоба мен үшін қауіпсіз пана болады,
Менің Құдайым — бассауғалар жартасым+.
23 Құдай олардың зұлымдығын өз бастарына келтіреді+,
Өз зұлымдықтары арқылы құртады.
Құдайымыз Ехоба оларды жоқ қылады+.