Ошия
8 “Аузыңа мүйіз керней ал+!
2 Олар: —Уа, Құдайымыз, біз, Исраил, сені білеміз,— деп қатты дауыстайды+.
3 Исраил ізгі нәрседен бас тартты+.
Ендеше, жау оның соңынан қусын.
4 Олар өздеріне патшалар тағайындады, бірақ менсіз,
Олар өздеріне әміршілер тағайындады, бірақ менің рұқсатымсыз.
Алтын-күмістерінен пұттар жасады+, бұлары түбіне жетеді+.
5 Уа, Самария, бұзау мүсініңді лақтырып тастадым+.
Саған менің қаһарым қайнайды+.
Қашанғы былғаныштан тазара алмай жүрмексің?
6 Бұл мүсін Исраилден шықты.
Оны қолөнерші жасады, ол — шынайы Құдай емес.
Самария бұзауының күл-талқаны шығатын болады.
7 Олар жел еккендіктен, дауыл орады+.
Бидай сабақтарының ешбірінде дән болмайды+.
Бірде-бір масақтан ұн алынбайды.
Дән бола қалса да, оны бөтендер жалмайды+.
Керексіз ыдыс секілді болып қалады.
9 Өйткені олар, жалғыз жүрген құландай, Ассирияға кетті+.
Ефрем өзіне ашыналар жалдады+.
10 Олар ашыналарды бөтен халықтардан жалдаса да,
Мен оларды бір жерге жинаймын.
Олар патша мен әміршілер салған ауыртпалықтан қиналатын болады+.
11 Өйткені Ефрем құрбандық орындарын көбейтіп, күнә жасады+.
Құрбандық орындары оларды күнәға батырды+.
12 Мен оған көптеген ережеден тұратын заңымды жазып бердім,
Бірақ мұны олар жат нәрсе деп қарастырды+.
13 Олар маған сый-тартуға құрбандықтар ұсынып, ет жейді,
Бірақ мен, Ехоба, бұларын жаратпаймын+.
Қылмыстарын есіме алып, күнәлары үшін жазаға тартамын+.
14 Исраил Жаратушысын ұмытып+, ғибадатханалар соқты+.
Яһуда болса бекіністі қалаларын көбейтті+.
Бірақ мен оның қалаларын отқа ораймын,
Ол әр қаланың мұнарасын жалмап қояды+”.