Зәкәрия
5 Сосын тағы да жоғары қарап, ұшып бара жатқан бір шиыршықты көрдім. 2 Періште менен: “Не көріп тұрсың?”— деп сұрады. Мен: “Ұшып бара жатқан шиыршықты көріп тұрмын. Оның ұзындығы 20 шынтақ*, ені 10 шынтақ екен”,— дедім.
3 Ол маған былай деді: “Бұл — бүкіл жер бетіне төніп тұрған қарғыс. Өйткені ұрлық жасаған+ әркім осы шиыршықтың бір бетінде жазылған қарғысқа сай жазаланып жатқан жоқ. Жалған ант беретін+ әркім де осы шиыршықтың келесі бетінде жазылған қарғысқа сай жазасын алып жатқан жоқ. 4 Әскербасы Ехоба мынаны айтады: —Қарғысты мен жібердім. Ол ұрының үйіне және менің атыммен жалған ант беретіннің үйіне кіреді. Сол жерде қалып, ол үйді де, оның бөренелері мен тастарын да жалмап қояды”.
5 Менімен сөйлескен періште жақынырақ келіп, маған: “Қарашы, бірдеңе шығып келеді”,— деді. 6 “Бұл не екен?”— деп сұрадым. Періште маған: “Шығып келе жатқан нәрсе — өлшеуіш ыдыс*. Бұл — бүкіл жер бетіндегі зұлымдардың бейнесі”,— деп жауап берді. 7 Сонда ыдыстың дөңгелек қорғасын қақпағы ашылды, оның ішінде бір әйел отыр екен. 8 “Бұл әйел — Зұлымдық”,— деді ол. Сосын әйелді ыдыстың ішіне қайта итеріп жіберді де, қорғасын қақпағын жауып қойды.
9 Бұдан кейін желмен самғап ұшып келе жатқан екі әйелді көрдім. Олардың қанаттары дегелектің қанатындай екен. Олар әлгі ыдысты жер мен көктің арасына көтеріп әкетті. 10 Сонда өзіммен сөйлесіп тұрған періштеден: “Олар ыдысты қайда апарады?”— деп сұрадым. 11 Ол: “Әйелге үй салып беру үшін, оны Шинар*+ еліне апара жатыр. Үй дайын болғанда, оны тиісті орнына қояды”,— деп жауап берді.