Малахи
3 “Міне, мен хабаршымды жіберемін, ол менің алдымда жол дайындайды+. Сендер іздеп жүрген шынайы Иелерің кенеттен ғибадатханасына келеді+. Өздерің қуана күтіп жүрген келісім хабаршысы да келеді. Иә, ол міндетті түрде келеді”,— дейді Әскербасы Ехоба.
2 “Бірақ ол келетін күнге кім төзе алады? Ол көрінгенде, кім төтеп бере алады? Өйткені ол темір тазартушының отындай, кір жуушының сілтісіндей* болады+. 3 Ол күмісті балқытып, тазартатын+ адамдай отырып, Леуі ұлдарын тазартады. Оларды алтын-күмістей тап-таза қылады. Сонда олар Ехобаға әділдікпен сый-тарту ұсынатын халық болады. 4 Яһуда мен Иерусалим халқының әкелген сый-тартуы бұрынғы күндердегідей, ежелгі жылдардағыдай Ехобаға ұнамды болады+.
5 Мен сендерді соттау үшін келемін. Мен бақсы-балгерлерді+, неке адалдығын бұзушыларды, жалған ант беретіндерді+, сондай-ақ жалдамалы жұмысшыны алдап+, жетім-жесірге+ қиянат жасайтындарды, жатжерлікке+ қол ұшын бергісі келмейтіндерді* тез арада жауапқа тартамын, өйткені олар менен қорықпайды”,— дейді Әскербасы Ехоба.
6 “Мен Ехобамын, еш өзгермеймін+. Сендер Жақыптың үрім-бұтағысыңдар, сондықтан да құрып кеткен жоқсыңдар. 7 Ата-бабаларыңның заманынан бері менің нұсқауларымнан бас тартып, орындамай келесіңдер+. Маған бет бұрыңдар, сонда мен де сендерге бет бұрамын+”,— дейді Әскербасы Ехоба. Алайда сендер: “Біз қалай бет бұрамыз?”— дейсіңдер.
8 “Адам баласы Құдайдан ұрлаушы ма еді? Ал сендер менен ұрлап жатырсыңдар”. Сендер: “Біз сенен қалайша ұрлап жатырмыз?”— деп айтасыңдар. “Оннан бір бөлікті және сый-тартуларды бермеу арқылы. 9 Сендер қарғысқа ұшырадыңдар*, өйткені менен ұрлап жатырсыңдар. Бүкіл халық осылай істеуде. 10 Үйімде әрдайым азық-түлік болу үшін+, оннан бір бөліктің бәрін қоймаға алып келіңдер+. Осылай мені сынап көріңдерші,— дейді Әскербасы Ехоба.— Сонда сендерге көктің қақпаларын ашып+, көл-көсір етіп батамды төкпес пе екенмін+”.
11 “Мен жалмаушыға* тыйым саламын, ол жерлеріңнің өнімін құртпайды, жүзімдіктерің де жеміссіз қалмайды+”,— дейді Әскербасы Ехоба.
12 “Халықтардың бәрі сендерді бақытты дейді+, өйткені елдерің қуаныш сыйлайтын мекен болады”,— дейді Әскербасы Ехоба.
13 “Мен туралы ауыр сөздер айтып жүрсіңдер”,— дейді Ехоба. Ал сендер: “Сен туралы қандай ауыр сөздер айтып жүрміз?”— дейсіңдер+.
14 “Сендер былай дейсіңдер: —Құдайға қызмет етуден еш пайда жоқ+. Оның алдындағы міндеттерімізді орындағаннан, Әскербасы Ехобаның алдында мұңайып жүргеннен не пайда көрдік? 15 Ендеше, менмен адамдарды бақытты деп есептейміз. Зұлымдық жасаушылар да табысқа жетуде+. Олар Құдайды еркінсіп сынаса да, еш зиян шегіп жатқан жоқ”.
16 Осы уақытта Ехобадан қорқатындар бір-бірімен, әрқайсысы өз дос-жаранымен сөйлесіп жатты, ал Ехоба оларға ден қойып, тыңдап тұрды. Ехобаның алдында одан қорқатындар және оның есімі туралы ой жүгіртетіндер*+ жайлы естелік кітабы жазылып жатты+.
17 “Олар менікі болады+,— дейді Әскербасы Ехоба,— сол күні оларды ерекше* меншігім етемін+. Әкесі өзіне мойынсұнатын ұлына жанашырлық танытатындай, мен де оларға жанашырлық танытамын+. 18 Сол кезде әділ мен зұлымның+, Құдайға қызмет ететін мен қызмет етпейтіннің арасындағы айырмашылықты тағы да көресіңдер”.