29 Қаншама түзетуге көнбеген тоңмойын+
Оңалмастай күйрер күтпеген жерден+.
2 Әділдер көбейсе, халық қуанар,
Зұлым билік етсе, халық күңіренер+.
3 Даналықты сүйетін әкесін қуантар+,
Жезөкшелермен байланысқан байлығын шашар+.
4 Әділетті патша елінде тұрақтылық орнатар+,
Ал парақор болса елді күйретер.
5 Біреуге жағымпазданған —
Оның аяғына тор құрған жан+.
6 Жаманның күнәсі өзіне тұзақ болар+,
Ал әділ қуана шаттанып дауыстар+.
7 Әділ жан бейшараның құқығын ойлар+,
Зұлым оны білуден де бас тартар+.
8 Бөсіп сөйлейтіндер қалаға от тастар+,
Ал даналар ашуды қайтарар+.
9 Дана адам ақымақпен дауласса,
Ақымақ еліріп, мазақ етіп, оның мазасын алар+.
10 Қанішерлер кінәсізді жек көрер+,
Шыншылдың жанын алуды көздер.
11 Ақымақ бар сезімін сыртқа шығарар+,
Ақылды сабыр сақтап, тізгіндер+.
12 Билеуші өтірікке көңіл бөлсе,
Бар қызметшісі арамза болып шығар+.
13 Бейшара мен қанаушыға ортақ нәрсе:
Екеуінің де көзіне Ехоба нұр сыйлаған.
14 Патша кедейді әділ соттаса+,
Тағы әрқашан нық тұрар+.
15 Таяқ пен сөгіс даналық ұялатар+,
Ал бетімен кеткен бала анасын ұялтар.
16 Зұлымдар көбейсе, қылмыс көбейер,
Ал әділдер олардың құлағанын көрер+.
17 Балаңды тәрбиеле, сонда ол тыныштық әкелер,
Жаныңды жадыратып, сүйсіндірер+.
18 Құдайдың басшылығы жоқ жерде ел бетімен кетер+,
Ал заңды ұстанатындар бақытты болар+.
19 Құр сөз қызметшіні түзетпес,
Айтқанды ұқса да, орындамас+.
20 Ойланбай сөйлейтін адамды көргенсің бе+?
Одан гөрі ақымақтың түзелетініне үміт көбірек+.
21 Қызметшіні жастайынан еркелетсең,
Ақырында алғысты білмей жүрер.
22 Ашушаң дау-жанжал туғызар+,
Ызақор көп күнә жасар+.
23 Тәкаппарлығы адамның мерейін түсірер+,
Ал кішіпейіл жан сый-құрметке ие болар+.
24 Ұрыға сыбайлас болған өз жанына қас,
Ол куәлік беруге шақырылғанда, ештеңе айтпас+.
25 Пендеден қорқу тұзақ болар+,
Ехобаға сенім артқан қауіпсіз жүрер+.
26 Көпшілік билеушінің алдына барғысы келер,
Бірақ адамға әділеттілікті Ехоба орнатар+.
27 Әділетсіз әділден жиіркенер+,
Ал тура жолда жүрген жан зұлымнан жиренер+.