Ғалаттықтарға
1 Адамдар тарапынан не адам арқылы емес, Иса Мәсіх және оны өлімнен тірілткен Құдай Әкеміз арқылы елші болып тағайындалған Пауыл+ 2 және қасымдағы барлық бауырластар Ғалатиядағы қауымдарға сәлем жолдайды.
3 Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх сендерге рақымы мен тыныштығын сыйласын! 4 Құдай Әкеміздің еркі бойынша+, Мәсіх бізді қазіргі зұлым заманнан* құтқарып+, күнәларымыздан арылту үшін өзін құрбан етті+. 5 Құдай мәңгі бақи даңқтала берсін! Аумин.
6 Сендерді Мәсіхтің рақымы арқылы шақырған Құдайдан тез бас тартып, басқа ізгі хабарға құлақ аса бастағандарыңа таңғаламын+. 7 Негізінде, басқа ізгі хабар жоқ. Бірақ араларыңда мазаларыңды алып+, Мәсіх туралы ізгі хабарды бұрмалағысы келетіндер бар. 8 Алайда тіпті біз немесе көктен түскен періште сендерге бұрын жариялағанымыздан өзге нәрсені ізгі хабар ретінде жарияласа, соны қарғыс атсын! 9 Осы айтқанымызды мен тағы қайталаймын, кімде-кім сендерге өздерің қабылдағаннан басқа нәрсені ізгі хабар ретінде жариялап жүрсе, соны қарғыс атсын!
10 Мен адамды сендіруге тырысып жатырмын ба, Құдайды ма? Әлде адамға жағуды көздеймін бе? Егер әлі де адамға жағынуға тырысып жүрсем, онда Мәсіхтің құлы болмас едім. 11 Бауырластар, мен жариялаған ізгі хабардың адамдардан емес екенін+ білгендеріңді қалаймын. 12 Оны ешбір адам баласынан қабылдаған жоқпын, үйренген де жоқпын, оны маған Иса Мәсіхтің өзі ашты.
13 Әрине, сендер менің яһуди дінін ұстанғанда+, Құдай қауымын қатты қудалап, құртуға тырысқанымды+ естігенсіңдер. 14 Яһуди дінін ұстануда ұлттас құрдастарымның көбісінен озып, ата-баба дәстүрін зор құлшыныспен орындағанымды+ да естігенсіңдер. 15 Бірақ маған өмір берген әрі рақымымен шақырған Құдай+ өз қалауы бойынша 16 басқа ұлттарға ізгі хабарды жариялауым үшін+, Ұлын мен арқылы танытуды ұйғарғанда, мен ешбір адаммен ақылдасуға асықпадым. 17 Иерусалимдегі маған дейін елші болғандарға да бармай, Арабияға жол тарттым. Сосын Дамаскіге қайта оралдым+.
18 Үш жылдан кейін ғана Кефаға*+ жолығу үшін Иерусалимге барып+, қасында 15 күн болдым. 19 Басқа елшілердің ешқайсысын кезіктірмедім, тек Иеміздің бауыры Жақыпты+ ғана көрдім. 20 Сендерге жазып отырғандарым рас екенін Құдай көріп тұр.
21 Содан кейін Сирия мен Киликия аймақтарына бардым+. 22 Яһудеядағы мәсіхшілер қауымдары мені жеке танымайтын. 23 Олар “бұрын бізді қудалаған адам+ өзі құртпақ болған+ сенім туралы ізгі хабарды жариялап жүр” дегенді ғана естіп, 24 мен үшін Құдайды дәріптей бастады.