Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Ескертпе болу үшін жазылған Дәуіттің жыры.
2 Жанымды алудың жолын іздеп жүргендер ұятқа қалып, қарабет болсын.
Бақытсыздыққа ұшырағаныма қуанатындар масқара болып, кері шегінсін.
3 Маған: “Ә, бәлем, сауап болды!”— дейтіндер
Жер болып, кері шегінсін.
“Құдай марапатталсын!”— дейтін болсын.
5 Ал мен дәрменсіз әрі бейшарамын+.
Уа, Құдайым, менің игілігім үшін тезірек әрекет етші+.
Көмекшім де, құтқарушым да өзіңсің+.
Уа, Ехоба, кешеуілдетпеші+.