Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры. Ән.
68 Лайым Құдай түрегелсін, лайым жаулары бытырап кетсін,
Оны жек көретіндер алдынан тым-тырақай қашсын+.
2 Желдің түтінді сейілтіп жіберетініндей, сен де оларды сейілтіп жіберші.
Балауыздың отқа еріп кететініндей,
Зұлымдар Құдай алдынан құрып кетсе екен+.
4 Құдайға арнап ән салыңдар, есімін мадақтап шырқаңдар+,
Шөлді аңғармен* өтіп бара жатқан оған арнап ән салыңдар.
Есімі оның — Ехоба*+! Оның алдында қуаныңдар!
Ал қыңырлар қуаң жерде өмір сүреді+.
7 Уа, Құдай, сен халқыңды бастап алып жүргеніңде+,
Шөл даламен өткеніңде, (Села)
Исраил Құдайының алдында Синай тауы шайқалып кетті+.
9 Уа, Құдай, сен көл-көсір жаңбыр жаудырдың,
Әбден қажыған халқыңа қайта күш дарыттың.
10 Олар сенің қосыңдағы шатырларда тұрды+;
Ізгілігіңмен кедей-кепшіктің қамын жасадың, уа, Құдай.
12 Үйде қалған әйел олжадан үлес алып жатқанда+,
Жау әскерлерінің патшалары қашып барады+, олар қашып барады!
13 Сендер қостағы оттарды айнала* жатсаңдар да,
Қауырсындары жасыл сары алтынмен,
Қанаттары күміспен көмкерілген кептердікіндей қанаттарың болады.
16 Ей, шыңдары бар таулар!
Неге Құдай өз тұрағы ету үшін таңдаған тауға қызғана қарайсыңдар+?
Ехоба сол жерде мәңгі бақи мекендейтін болады+.
17 Құдайдың соғыс арбалары ондаған мың, сан мыңдаған+.
Ехоба Синайдан киелі орынға келді+.
18 Сен заңғар биікке көтерілдің+,
Тұтқындарды алып кеттің,
Адамдарды сый ретінде алдың+,
Иә, Ехоба* Құдай, солардың арасында мекендеуің үшін, тіпті қыңырларын да алдың+.
19 Күнделікті ауыртпалығымызды көтеретін Ехоба дәріптелсін+,
Бізді құтқаратын шынайы Құдай дәріптелсін. (Села)
21 Иә, Құдай жауларының басын жарады,
Күнә жасауын қоймайтындардың қақ төбесінен ұрады+.
22 Ехоба былай дейді: “Мен оларды Башаннан қайтып әкелемін+,
Теңіз тұңғиығынан қайта шығарып аламын,
23 Осылай сен аяғыңды қанға жуасың+,
Иттерің жауларыңның қанын жалайды”.
24 Олар сенің салтанатты шеруіңді көреді, уа, Құдай!
Олар менің Құдайымның, Патшамның, киелі орынға бара жатқан салтанатты шеруін көреді+.
25 Алдында әншілер, олардан кейін ішекті аспапта ойнайтындар+,
Ал араларында даңғырада ойнап қыз балалар келеді+.
26 Жиындарда Құдайды мадақтаңдар,
Исраилдің Қайнарынан өмір алғандар, Ехобаны мадақтаңдар+!
27 Кенже Бениямин+ жұртты бағындырады,
Шулы нөпірімен Яһуда бекзадалары,
Забулон мен Нафталим бекзадалары да оларды бағындырады.
28 Құдайың сені мықты болады деп ұйғарды.
Уа, біздің игілігіміз үшін әрекет ететін Құдай, күш-қуатыңды көрсетші+.
29 Иерусалимдегі ғибадатханаң+ үшін патшалар саған сый-тарту әкеледі+.
30 Қамыс арасындағы жабайы аңдарды,
Жиналған бұқаларды да+ бұзауларымен қоса айыпташы,
Жұрт саған күміс ақша әкеліп, бас ұрғанша солай етші.
Ал соғысқұмар адамдарды сен бытыратып жібересің.
32 Ей, жердегі патшалықтар, Құдайға ән шырқаңдар+,
Ехобаға мадақ әнін шырқаңдар. (Села)
33 Ол ежелден бар болған заңғар көкте жүріп келеді+.
Тыңдаңдар, ол керемет зор даусымен күркірейді!
34 Құдайдың күшін мойындаңдар+!
Ол ұлылықпен Исраилге билік жүргізеді,
Оның күші аспанда.
35 Ұлы ғибадатханасында Құдай қастерлі сезімге бөлейді+.
Ол — өз халқына күш пен құдірет беретін Исраилдің Құдайы+.
Құдайды мадақтаңдар!