Салоникалықтарға 1-хат
2 Бауырластар, сендерге барғанымыздың нәтижесіз болмағаны өздеріңе аян+. 2 Алдымен Філіпіде азап шегіп, қорлық көрдік, мұны өздерің де білесіңдер+. Сөйтсе де қатты қарсылық көргенімізге қарамай*, сендерге ізгі хабарды айту үшін Құдайдың арқасында батылдыққа ие болдық+. 3 Біз насихатымызды өзіміз адасып жүргендіктен не арам пиғылмен айтып жатқан жоқпыз, сендерді алдаудан да аулақпыз. 4 Құдай бізді тексеріп, ізгі хабарды уағыздауға лайық деп тапты. Сондықтан оны адамдарға емес, жүрегімізді сынайтын Құдайға+ ұнамды болу үшін айтып жүрміз.
5 Шынында да, өздерің білетіндей, біз ешқашан сендерге жағымпазданып сөйлеген емеспіз. Пайда көру үшін алдаған да емеспіз+, бұған Құдай куә! 6 Мәсіхтің елшілері ретінде көп шығынға ұшыратып, сендерге ауыртпалық салуымызға болар еді, бірақ біз адамдардан — не сендерден, не өзгелерден — атақ-даңқ іздеп жүрген жоқпыз+. 7 Керісінше, сендерді баласын емізіп, мәпелеген анадай аяладық. 8 Өздеріңе аяулы сезіміміз болғандықтан, Құдайдың ізгі хабарын жеткізіп қана қоймай, жанымызды беруге дайын болдық+, өйткені өздеріңді жақсы көріп кеттік+.
9 Бауырластар, біздің ауыр еңбегіміз бен бейнетіміз естеріңде ғой. Көп шығынға ұшыратып, ешқайсысыңа ауыртпалық салмау үшін күні-түні жұмыс істей жүріп+, сендерге Құдайдың ізгі хабарын уағыздадық. 10 Сендердің, сенушілердің, алдарыңда біз адал да әділ, мінсіз болып жүргенімізге өздерің де, Құдай да куә. 11 Әкесі+ баласына насихат айтып, жұбатып, ақыл-кеңес беріп отыратынындай, біз де әрқайсысыңа үнемі солай еткенімізді жақсы білесіңдер+. 12 Мұны өзінің Патшалығына+ және ұлылығына+ ортақтасуға шақырып отырған Құдайдың алдында оған ұнайтындай жүріп-тұруларың үшін істедік+.
13 Сондай-ақ бізден естіген Құдай сөзін адамның емес, Құдай сөзі ретінде — шынымен де бұл солай — қабылдағандарың үшін үнемі Құдайға алғыс айтамыз+. Ол сендерге, сенушілерге, әсер етіп те жатыр. 14 Өйткені, бауырластар, сендер Мәсіх Исамен бірлікте тұрған Яһудеядағы қауымдарға ұқсадыңдар. Олардың елдестерінің қолынан жапа шегіп жатқанындай, сендер де өз жерлестеріңнің қолынан жапа шектіңдер+. 15 Яһудилер тіпті Иеміз Исаны және пайғамбарларды өлтірген+, олар бізді де қудалады+. Олар Құдайға ұнамсыз, әрі бүкіл адамзатқа қастық жасап жүр. 16 Себебі яһудилер басқа ұлт адамдары аман қалу үшін оларға уағыздауымызға кедергі жасауға тырысып+, күнәларына күнә қосуда. Бірақ, ақырында, оның оларға қаһарын төгетін уақыты келді+.
17 Ал біз, бауырластар, аз уақытқа сендерден ажырап қалып, өздеріңді көре алмасақ та, әрдайым есімізде ұстадық. Жүздеріңді көруді қатты қалағандықтан, өздеріңе бару үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. 18 Сол себепті біз — дәлірек айтқанда, мен, Пауыл — сендерге екі рет барғымыз келді, бірақ Шайтан жолымызды кес-кестеді. 19 Өйткені Иеміз Иса осында болатын кезде* оның алдында біздің үмітіміз, қуанышымыз бен мақтаныш тәжіміз сендер болмағанда, кім болмақ+? 20 Иә, мақтанышымыз бен қуанышымыз өздеріңсіңдер.