Әйүп
16 Сонда Әйүп былай деді:
2 “Мен мұндайды бұрын да көп рет естігенмін.
Бәрің де азабыма азап қосатын жұбатушысыңдар+!
3 Бос сөздеріңнің шегі бола ма?
Бұлай жауап беруге саған не түрткі болып отыр?
4 Мен де сендер сияқты сөйлей аламын.
5 Бірақ мен олай етпей, қайта, сөзіммен нығайтып,
Аузымнан шыққан жылы сөздермен азаптарыңды жеңілдетер ем+.
6 Шерімді төккенде жеңілдемеген азабым+
Үнсіз қалсам, одан бетер жаныма батпай ма?
7 Бірақ Құдай мені әбден титықтатты+,
Бүкіл үй ішімді құртып жіберді.
8 Бұнымен қоймай, қолымнан шап беріп ұстап алды,
Жұрт мұны көріп жүр.
Құр сүлдерім қалып, өзіме қарсы айғақ болып отыр.
9 Оның қаһары мені парша-парша етті, ол маған өшігіп алды+.
Маған тісін қайрайды,
Көзін оқтай қадайды+.
11 Құдай мені балаң жігіттердің қолына түсірді,
Зұлымдардың алдына итере салды+.
12 Алаңсыз едім, бірақ ол менің сілікпемді шығарды+,
Желкемнен ұстап алып, жаныштады,
Ол мені өзіне нысана етіп қойды.
14 Денемді дуалды тескендей тескілеуде,
Сарбаз іспетті, маған шабуылдауда.
16 Жылай-жылай бетім қызарып+,
Көзімнің айналасы қарайып кетті.
17 Бірақ қолым зұлымдыққа барған жоқ еді ғой,
Дұғаларым да таза емес пе еді?
18 Уа, жер, қанымды жасыра көрме+!
Зарлаған даусым да өшпесін!
19 Қазірдің өзінде менің куәм көкте,
Сөзімді сөйлейтін қорғаушым заңғар биікте.
21 Дауласқан адамдар арасына төрешінің түсетініндей,
Құдай мен адамның арасында да төреші болса ғой+!