Еврейлерге
3 Сонымен, қасиетті бауырластар, көкке шақырылғандар+, өзіміз елші әрі бас діни қызметкер деп мойындайтын Иса+ туралы ой жүгіртіңдер. 2 Мұса пайғамбар Құдайдың бүкіл үйіне қызмет еткенде адал болғанындай+, ол да өзін тағайындаған Құдайға адал болды+. 3 Үйдің өзінен гөрі оны салған адам көбірек құрметке лайық, сол сияқты, Иса да Мұсаға қарағанда көбірек даңқталуға лайық+. 4 Әрине, әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің Жаратушысы — Құдай. 5 Мұса Құдайдың бүкіл үйінде қызметін адал атқарды. Оның осы қызметі кейінірек айтылатын нәрселерге куәлік етті. 6 Ал Мәсіх Құдайдың үйін басқаруда оның ұлы ретінде адал болды+. Егер сөйлеу еркіндігін және мақтан тұтатын үмітімізді соңына дейін берік ұстансақ, онда біз Құдайдың үйіміз+.
7 Сондықтан, киелі рух арқылы жазылғандай*+, “бүгін сендер оның даусын естісеңдер, 8 жүректеріңді қасарыстырып, ата-бабаларың сияқты болмаңдар. Олар мені шөл далада сынаған күні+ қатты ашуландырды. 9 Сол кезде, қырық жыл бойы істерімді көрсе де, олар мені сынады+. 10 Міне, сол себепті бұл ұрпақтан жеркеніп: —Айтқандарыма жүректері ешқашан мойынсұнбайды, олар менің жолдарымды танып-білмеді,— дедім. 11 Сондықтан ашуланып: —Олар менің демалу үшін дайындаған жеріме кірмейді+!— деп ант еттім”.
12 Бауырластар, сақ болыңдар! Ешқайсысың да тірі Құдайдан алыстап, жүректерің зұлым әрі сенімнен ада болып жүрмесін+! 13 Қайта, әлі де “бүгін”+ деп аталатын уақыт бітпей тұрғанда, ешқайсысың күнәға азғырылып, жүректерің қасарысып кетпеу үшін, күн сайын бір-біріңді жігерлендіріп отырыңдар. 14 Алғашқы сенімділігімізді соңына дейін берік ұстансақ қана, Мәсіхпен үлестес боламыз+. 15 Жазбада: “Бүгін сендер оның даусын естісеңдер, жүректеріңді қасарыстырып, ата-бабаларың сияқты болмаңдар, олар мені қатты ашуландырды”+,— делінген.
16 Құдайдың даусын естісе де, оны қатты ашуландырған кімдер еді? Мұса Мысырдан алып шыққандардың бәрі емес пе+? 17 Сондай-ақ Құдай қырық жыл бойы кімдерге жеркене қарады+? Күнә жасап, сүйегі шөл далада қалғандарға емес пе+? 18 Ол кімдерге өзінің демалу үшін дайындаған жеріне кірмейді деп ант етті? Өзіне мойынсұнбағандарға емес пе? 19 Сонымен, сенімдері болмағандықтан олардың сол жерге кіре алмағанын көріп отырмыз+.