Жоханның 1-хаты
3 Қараңдар, Құдайдың балалары деп аталуымыз үшін+ Әкеміз бізге зор сүйіспеншілік көрсетті+. Біз, расында да, оның балаларымыз. Сондықтан да осы дүние бізді білмейді+, өйткені олар Құдайды танып-білген жоқ+. 2 Сүйікті бауырластар, қазір біз Құдайдың балаларымыз+, бірақ қандай болатынымыз әлі белгісіз+. Ол ашық көрінгенде, оған ұқсас болатынымызды білеміз, себебі оның қандай екенін көреміз. 3 Оған осындай үміт артқан әркім ол сияқты таза болу үшін, өзін тазартады+.
4 Адамның күнә жасай бергені — заңсыздық жасай бергені, сондықтан күнә — заңсыздық. 5 Сондай-ақ сендер Исаның күнәларымыздан арылтуға келгенін де білесіңдер+, ал оның бойында еш күнә жоқ. 6 Онымен бірлікте болатын әркім күнә жасай беруін қояды+. Ал күнә жасай беретін адам оны көрген де, танып-білген де емес. 7 Сүйікті балаларым, ешкім сендерді адастырып жүрмесін! Әділ әрекет ететін адам да, Исаның әділ болғаны сияқты, әділ. 8 Кім күнә жасай берсе, сол кісі Ібілістен, себебі Ібіліс о бастан күнә жасап келеді+. Ал Құдайдың Ұлы болса Ібілістің істерін талқандау үшін келді+.
9 Құдайдан туған кісі күнә жасай бермейді+, өйткені оның бойында Құдайдың рухы* қала береді: ол Құдайдан туғандықтан+ күнә жасауын жалғастыра алмайды. 10 Құдайдың балалары мен Ібілістің балаларын мынадан білуге болады: әділ әрекет етпейтін кісі де, бауырласын сүймейтін кісі де Құдайдан емес+. 11 Себебі сендер бастапқыда естіген хабар мынау: біз бір-бірімізді сүюге тиіспіз+. 12 Інісін жауыздықпен өлтірген Зұлымның* адамы Қабыл сияқты болмауымыз керек+. Ол інісін не үшін өлтірді? Өйткені оның істері зұлым+, ал інісінікі әділ еді+.
13 Бауырластар, осы дүниенің өздеріңді жек көретініне таңғалмаңдар+. 14 Біз өлімнен өмірге өткенімізді білеміз+, өйткені бауырластарды сүйеміз+. Ал бауырласын сүймейтін адам өлі күйінде қала береді+. 15 Бауырласын жек көретін әркім — кісі өлтіруші+. Ал кісі өлтірушіде мәңгілік өмір жоқ екенін білесіңдер+. 16 Оның біз үшін өз жанын бергенінің арқасында біз сүйіспеншіліктің не екенін білдік+, сондықтан біз де бауырластарымыз үшін жанымызды қиюға міндеттіміз+. 17 Ал дүние-мүлкі бар біреу бауырласының мұқтаждық көріп жүргенін біле тұра, оған жанашырлық танытудан бас тартса, қалайша оның бойында Құдайға деген сүйіспеншілік бар деуге болады+? 18 Сүйікті балаларым, бір-бірімізді сөз жүзінде не ауызбен ғана емес+, іс жүзінде+ әрі шын жүректен сүйейік+.
19 Осылай шындық жолында екенімізді білеміз және жүрегімізді Құдайдың бізді сүйетініне сендіреміз. 20 Себебі жүрегіміз бізді қалай айыптамасын, Құдай жүрегімізден жоғары әрі ол бәрін біледі+. 21 Сүйікті бауырластар, жүрегіміз бізді айыптамаса, Құдаймен еркін сөйлесе аламыз+. 22 Сондай-ақ одан не сұрасақ та, аламыз+, өйткені біз оның өсиеттерін орындап, көз алдында оған ұнайтынды істеп жүрміз. 23 Оның өсиеті мынау: оның Ұлы Иса Мәсіхтің есіміне сенуіміз+ және ол өсиет еткендей, бір-бірімізді сүюіміз керек+. 24 Бұған қоса, оның өсиеттерін орындаған кісі онымен, ал ол сол кісімен бірлікте болады+. Оның бізбен бірлікте екенін бізге берген киелі рухы арқылы білеміз+.