Софония
1 Яһуда патшасы Амонның+ ұлы Жосияның+ күндерінде Ехоба* Құдайдың Софонияға* арнаған сөзі (Софония Құшидың, Құши Ғодалияхтың, Ғодалиях Амарияхтың, Амариях Езекияның ұлы болатын):
2 “Мен барлығын жер бетінен жоқ қыламын”,— дейді Ехоба+.
3 “Мен адам мен жануарды,
Аспандағы құс пен теңіздегі балықты,
Сүріндіретін тастарды*+ да, зұлымдарды да жоямын+,
Жер бетінен адамдардың көзін құртамын”,— дейді Ехоба.
4 “Мен қолымды Яһудаға,
Күллі Иерусалим тұрғындарына қарсы созып,
Осы жерде Бағалдың+ бірде-бір жұрнағын қалдырмаймын,
Бөтен тәңірлердің абыздары мен жалған діни қызметкерлердің есімін өшіремін+,
5 Сондай-ақ үй төбелерінде аспан денелеріне* тағзым ететіндердің+,
Ехобаға адал боламыз деп ант ете тұра+,
Малхамға адал боламыз деп ант ететіндердің+ көзін құртамын.
Ехоба құрбандық дайындады,
Өзі шақырғандарын қасиетті етті.
8 “Мен, Ехоба, құрбандығымды шалатын күні әміршілерді,
Патша ұлдарын+, жатжерлік киім кигендердің бәрін жауапқа тартамын.
9 Сол күні мен мінбеге* көтерілген әркімді,
Қожайынының үйін зорлық пен қулық-сұмдыққа толтырғандарды жауапқа тартамын.
10 Сол күні,— дейді Ехоба,
—Балық қақпасынан+ айқай-шу,
Қаланың Екінші ауданынан+ зарлаған дауыс,
Ал төбелерден қирап жатқанның гүрсілі естіледі.
11 Мактештің* тұрғындары, зар илеңдер,
Себебі барлық саудагерлердің үні өшті,
Күміс өлшейтіндердің бәрі жойылды.
12 Сол уақытта мен Иерусалимді шамдармен мұқият қарап шығып,
Бейқам жүргендерді* жауапқа тартамын,
Өйткені олар іштей “Ехоба жақсылық та, жамандық та жасамайды” деседі+.
13 Олардың байлығы тоналып, үйлері қаңырап бос қалады+.
Үй соққанымен, олар онда тұрмайды,
Жүзімдік отырғызғанмен, оның шарабын ішпейді+.
Ол күн жақын, тез жақындап келеді*+!
Ехобаның күнінің дауысы ащы+.
Сол кезде мықты жауынгер өкіріп жылайтын болады+.
Қасірет пен азап күні+,
Дауыл тұратын, қаңырап қалатын күн,
Қараңғылық пен түнек күні+,
Бұлт қаптаған, түнерген күн+,
16 Бекіністі қалалар мен бұрыш-бұрыштағы биік мұнараларға+ қарсы
Мүйіз керней тартылып, атой салынатын күн+.
Себебі олар Ехобаға қарсы күнә жасады+.
Олардың қаны топырақ сияқты аяқасты болады,
Ал ішек-қарындары ақтарылып, тезек іспетті жатады+.
18 Ехобаның қаһар күні оларды күмісі де, алтыны да құтқара алмайды+.